(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Шығыс Қазақстан облысындағы КАФ клиенттері егіс науқанын аяқтауда

Жаңалықтар

ҚазАгроҚаржының Шығыс Қазақстан облысындағы клиенттері егіс науқанын аяқтауда

Көрсетіліп жатқан қолдаудың тиімділігін бағалау үшін, «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысына баспасөз турын ұйымдастырды.

ҚазАгроҚаржының сенімді клиенті – «Тамирлан и К» ЖШС-нің егіс алқаптарына жол тарттық.

Бұл шаруашылық бізбен 2018 жылдан бері қызметтесіп келеді және соңғы 4 жылда машина - трактор паркін жаңарту мақсатында 625 миллион теңгеге 12 бірлік техниканы лизингке сатып алды, оның ішінде 2021 жылы 121 миллион теңге сомасына қаржы лизингі шарттарын жасасты.

«Тамерлан и К» ЖШС директоры Рустам Жамбусинов атап өткендей, ҚазАгроҚаржы арқылы сатып алынатын техниканың жоғары өнімділігінің арқасында 10-12 күн ішінде 2 мың гектар өңделетін алқапта егіс жұмыстарын жүргізуге болады. Көктем әдеттегіден ерте басталып отырғанына үшінші жыл болды, бұл егін егу жұмыстарын 27 сәуірде бастауға және дәнді дақылдарды себу жұмыстарын тез аяқтауға мүмкіндік берді, ал қазір шаруашылық механизаторлары тыңайтқыш себуде.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы - АӨК субъектілеріне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін лизингтік қызметтер көрсететін ең ірі қаржы институты.

Компания аграрлық секторды техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал ете отырып, өз қызметін 20 жылдан астам уақыт бойы ойдағыдай жүзеге асырып келеді және отандық фермерлердің сенімді серіктесі болып қала бермек.

Жалпы, 2022 жылы 17 мамырдағы жағдай бойынша ҚазАгроҚаржы 46 миллиард 228 миллион теңге сомасына түрлі ауыл шаруашылығы техникасының 4 мың бірлігін сатып алуға қаржы лизингі шартын жасасты.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру