(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
КАФ филиалының қызметкерлері ШҚО Үржар ауданында болды

Жаңалықтар

ҚазАгроҚаржы филиалының қызметкерлері ШҚО Үржар ауданында болып қайтты

2021 жылғы 3 желтоқсанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ШҚО бойынша филиалының қызметкерлері Үржар ауданында болып қайтты, онда аудан әкімдігі «Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне» орай фермерлермен кездесу ұйымдастырды.

ҚазАгроҚаржының кредит жөніндегі мамандары қаржыландыру бағдарламаларын түсіндірді, «Қолдау» субсидиялау бағдарламалары шеңберінде қосымша келісімдерге және басқа да құжаттарға қол қойылды.

ҚазАгроҚаржының ШҚО бойынша ағымдағы жылға арналған қаржыландыру жоспарының орындалуы Үржар ауданы лизинг нысаналарын (1 530 131 024,85 теңге сомасына 199 бірлік ауыл шаруашылығы, аспалы, тіркемелі техника) сатып алудан 2-ші орында тұрғанын көрсетті.

Бұл ауданда ауыл шаруашылығы техникасын лизинг негізінде сатып алғысы келетіндер көп екені белгілі болды. Олар үшін ҚазАгроҚаржы мамандарының келуі өте орынды болды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру