(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
"ҚазАгроҚаржы" АҚ елдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қандай қолдау көрсетеді

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қандай қолдау көрсетеді

Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 6 мыңнан астам техника сатып алуды «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырды. Жақында Ақмола облысында осындай мемлекеттік қолдауға ие болған шаруа қожалықтарының біріне баспасөз туры өтті, деп хабарлайды  Business Kazakhstan .

«2021 жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 161,9 млрд теңгеге өтінім қабылдады, оның ішінде 124 млрд теңгеге 6 477 техника бірлігі қаржыландырылды», - деп атап өтті ҚАФ өкілдері. 

Қаржылық қолдау алған кәсіпорынның бірі – «Камышенка» ЖШС. Шаруашылық «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола филиалымен 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. ҚАФ филиалында қызмет көрсету кезеңінде машина-трактор паркін жаңарту мақсатында кәсіпорын 930 млн теңгеге техника сатып алды.

 

Шаруашылық жұмысының негізгі бағыты – өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу. Егістік жердің жалпы көлемі 18 622 гектар болса, оның 12 мың гектарға жуығы егістік. Негізгі мәдени дақылдары дәнді дақылдар мен мал азығы. Мал шаруашылығы 600 бас асыл тұқымды малдан тұратын сүт секторымен сипатталады, ал шаруашылықтағы жалпы мал басы 1500 бас ірі қара малды құрайды.

2021 жылы «Камышенка» ЖШС «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен жем-шөп жинайтын комбайн сатып алу үшін 262,2 млн теңгеге қаржылық лизинг шартын жасады.

«Бұл республикадағы қатты аптап ыстық және жем-шөп тапшылығы жағдайында биыл ерекше маңызды болды», - дейді «Камышенка» ЖШС өкілдері.

Жалпы, еліміздің негізгі астықты аймақтарында егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, облыстағы дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы көлемі 4,5 миллион гектарды құрайды. 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 4,3 миллион гектар немесе 95,7 пайызы бастырылған. 

Дереккөз:  DKNews.kz

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру