(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Қостанай облысында егіс науқаны аяқталуға жақын

Жаңалықтар

Қостанай облысында егіс науқаны аяқталуға жақын

Жақында біз Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Ақ-Бидай-Агро» ЖШС-нің егін алқаптарында болдық.

Бұл шаруашылық Қарабалық, Федоров аудандарында және Бейімбет Майлин атындағы ауданда созылып жатқан 85 мың гектар жерге бидай, рапс, жүгері, жемшөп дақылдарын өсіреді. ЖШС-де 150 механизатор жұмыс істейді, олар қазір тәулік бойы бидай себуде.

«Ақ-Бидай-Агро» ЖШС директоры Ерболат Қаленовтың айтуынша, шаруашылық «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен 2012 жылдан бері ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Соңғы екі жылда машина-трактор паркін жаңарту мақсатында олар 2 миллиард 620 миллион теңге сомасына техника сатып алды.

Шаруашылықта жақсы еңбек жағдайы жасалған. Шалғай жатқан учаскелерде барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған вагондар орнатылды. Тракторшылар мен комбайнерлер ауысымына орта есеппен 25 мың теңге, егіс маусымында 250-300 мың теңге табады. ЖШС жұмыскерлері ауыл шаруашылығы жұмыстарымен жыл бойы айналысады: егіс науқаны, жем-шөп дайындау, техниканы жөндеу және т. б.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ өз тарапынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер көрсету арқылы олардың техникалық жарақтандырылуына жәрдемдесуге ұмтылады.​

«ҚазАгроҚаржы» АҚ  баспасөз қызметі

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру