(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

2020 жылдың 11 айы ішінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 98,7 миллиард теңге сомасына 5 551 бірлік техниканы қаржыландырды

Жаңа инфекцияның таралуына байланысты туындаған күрделі жағдайға қарамастан, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы еліміздің машина-трактор паркін жаңартуға белсене қатысуда және аграрлық сектордағы көрсетілетін лизингтік қызметтердің негізгі операторы болып қала бермек.

Қазіргі уақытта Компанияның ауыл шаруашылығындағы қаржы лизингі нарығындағы үлесі 90%-ды құрайды.

Несие қоржынындағы белсенді клиенттерінің саны – мыңнан асады.

2020 жылдың 11 айы ішінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 98,7 миллиард теңге сомасына 5 551 бірлік техниканы қаржыландырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, жалпы мемлекеттік шаралар шеңберінде өз клиенттерінің қаржылық ахуалының нашарлауына жол бермеу мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» АҚ оларға мынадай қолдау шараларын ұсынып отыр:

1) төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде төлемдердің мерзімін өткізіп алуға жол берген клиенттерге банктік қарыз және (немесе) қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдерінің мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар/тұрақсыздық айыптары есептелмейді;

2) егер төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру қажеттілігі төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде туындаса, жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) қаржы лизингі шарттары бойынша төлемдер күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге кейінге шегеріледі.

Барлығы 4,01 млрд. теңге сомасына 169 өтінім мақұлданды;

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен қарыз алушыларды қолдау мақсатында, төлемдер мерзімі тұрақсыздық айыбы есептелмей 1,5 жыл мерзімге кейінге шегерілген.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру