(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
ҚазАгроҚаржы " АҚ филиалдары жылы, Алматы облысы

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдары жылы, Алматы қаласы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қ. бойынша филиалы 4 жыл ішінде аймақтың АӨК дамытуға 3,2 млрд. теңге қаржы инвестициялады. Бұл туралы филиал директоры Олжас Нишанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақыттың ішінде аумақта отандық фермерлерге 453 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасы мен арнаулы жабдықтар лизингке табыс етілген.

«2017 жылдың қорытындысы бойынша, филиал 700 млн. теңгеден артық сомаға 69 бірлік ауыл шаруашылығы және арнаулы техника орналастырды. Әсіресе, клиенттеріміздің арасында Беларус маркасының тракторы танымалы, 30 бірліктен астамы лизингке табыс етілді. Аймақта өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да белсенді түрде дамып келеді. 2018 жылы да алдымызда тұрған барлық міндеттерді орындамақ ойымыз бар» - деді Олжас Нишанбаев.

Ол өз сөзінде өткен жылы Қоғам филиалы 32 шаруашылыққа қолдау жасағанын айтып өтті, оның ішіндегі 11-і қолдауды жыл сайын алып тұратын» тұрақты» клиенттер және 21-і тартылған клиенттер.

«Қоғам филиалының қолдауымен аймағымызда бұдан бұрын бір тауарлы-сүт фермасы, үш репродуктор, бір көкөніс қоймасы, үш қарқынды бақша, сондай-ақ шұжық өнімдерін өндіретін қайта өңдеу кәсіпорыны салынған болатын. Өткен жылы тартылған клиенттердің арасында «Алматы облысында жалпы алаңы 28,52 га қарқынды алма бақшасын құру және 1000 тонна жеміс қоймасына арналған жабдықтың лизингі» инвестициялық жобасы қаржыландырылды. Жобаның жалпы құны 575 млн. теңге».

Сөзінің соңында Олжас Нишанбаев облыстағы көктемгі-дала жұмыстары өзінің аяқталу сатысында тұрғанын атап өтті. Бұдан басқа, маусымаралық кезеңнің қарсаңында филиалдың ендігі 300 млн. теңгеге 50 бірлік а/ш техникасын орналастырып та қойғаны айтарлықтай маңызды фактор болып табылады. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта егін жинау жұмыстарын жүргізуге өтінімдер қабылданып жатқанын қосымша айтып кетті, 314 млн. теңгеге 45 (қырық бес) қаржы лизингі шарты ендігі бекітіліп те қойды, 86,8 млн. теңге сомасына 11 өтінім мақұлданды және 37 млн. теңге сомасына 5 өтінім қаралу үстінде, ал 3 жоба құжаттарды жинау сатысында тұр.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру