(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Төлемдерді өтеу бойынша мерзімін ұзарту туралы негізгі сұрақтарға жауаптар

Жаңалықтар

Төлемдерді өтеу бойынша мерзімді ұзарту туралы сұрақтардың негізгі жауаптары

1. Төлем мерзімін ұзартуға кім үміттене алады?

КАФ клиенттері – Қазақстанда ТЖ режимінің енгізілуі салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері төлем мерзімдерін ұзартып алуы мүмкін.

2. Қандай шарттар бойынша төлем мерзімдері ұзартылуы мүмкін?

Төлеу мерзімдері 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейінгі кезеңге келетін КАФ берген барлық кредиттер/лизинг. Клиенттердің өтініштері жеке тәртіпте қаралатын болады. Жарияланған ТЖ режимінің себебінен қаржылық жағдайының нашарлауы - сатылған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі, сатып алушылардан/жеткізушілерден төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, тоқтатылуы, ауыстырылуы және тағы да басқалар расталған клиенттерге төлем мерзімі ұзартылады.

3. Төлем мерзімдері қанша уақытқа ұзартылады?

Төлем мерзімдері соңғы күнін қоса алғанда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін ұзартылады.

4. Төлем мерзімін ұзарту үшін қандай құжаттар қажет?

Клиенттің төлем мерзімін ұзартуға өтініші ұсынылады, сондай-ақ сатылған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуін, сатып алушылардан/жеткізушілерден төлеу мерзімдерінің кешіктірілуін, тоқтатылуын, ауыстырылуын, жұмыскерлердің штат санының қысқартылуын құжаттамалық растау немесе төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңіндегі басқа да дәлелді себептер бойынша. Мұндай құжаттарға мыналар жатуы мүмкін:

  • өндірілетін өнімді жеткізу бойынша келісім-шарттар;
  • сатып алушыдан сатып алынатын өнімді тоқтата тұру жөнінде хабарлама;
  • дайын өнімнің/тауарлық-материалдық құндылықтардың/аяқталмаған өнімнің болуы туралы анықтама;
  • өнім берушілердің шикізатты/өнімді жеткізуді тоқтата тұру туралы жазбаша өтініші;
  • бүлінген өнімді кәдеге жарату/жою актілері.

*ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын басқа да құжаттар.

5. Төлем мерзімін ұзартуды қалай ресімдеу керек?

ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты төлем мерзімін ұзартуға өтінішті және қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды Сіздің өңірдегі КАФ өкіліне электрондық поштамен немесе кез келген басқа да қолжетімді тәсілмен жіберу қажет. Шешім қабылданғаннан кейін КАФ өкілдері Сізбен хабарласады.

6. Өтеу кестесінің өзгертілуі қалай ресімделеді?

Төлем мерзімін ұзарту Сіздің өтінішіңіздің және ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттардың негізінде, лизинг/қарыз шарттарына қосымша келісімге қол қоюсыз ресімделеді.

7. Егер менде бірнеше шарттар болған жағдайда төлем мерзімін ұзартуға өтініш қалай ресімделеді?

Өтінішті толтыру кезінде төлем мерзімдерін ұзарту қажет болатын қарыз/қаржы лизингі шарттарының нөмірлері мен күнін көрсету керек.

8. Төлем мерзімін ұзарту кезінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?

Болады, бұл ретте жаңа өтеу кестесі жасалады.

9. Төлем мерзімін ұзарту кезінде толық мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?

Болады, толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым салынбайды.

11. Айыппұлдар/өсімпұлдар есептеле ме?

Төтенше жағдай енгізілу себебінен 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңге қарыз/лизинг бойынша төлемдерді төлемеген үшін туындаған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды және (немесе) өсімпұлды) есептеу жүзеге асырылмайды (клиенттен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда).

12. Төлем мерзімін ұзартуға өтініштер нешесінен бастап қабылданады?

Өтініштер 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады.

13. Менің төлем мерзімін ұзартуға берген өтінішім қашан орындалатын болады?

Төлем мерзімін ұзартуға тапсырылған өтініштер 10 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралады. КАФ шешімі клиентке электрондық мекенжайға немесе өзге де байланыс көзі бойынша жолданатын болады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру