Директорлар Кеңесінің комитеттері

Қоғамның Директорлар кеңесінің жанынан 3 комитет құрылған, олардың құзыретіне стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақылар бойынша, ішкі аудит, әлеуметтік мәселелерді, тәуекелдер бойынша мәселелерді қарау жатады. Директорлар кеңесінің комитеттері Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін анағұрлым маңызды мәселелерді терең де мұқият қарауға және қабылданған шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің ішкі аудит жөніндегі комитеті

Ішкі аудит жөніндегі комитеттің атқарымдарына қаржылық есептілік, сыртқы аудит, ішкі аудит, заңнаманы сақтау, есептілік және қызметті бағалау және т.б мәселелерді алдын ала қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру кіреді.

Комитет мүшелері:

  1. Орынбаев Ерлан Бақытұлы, тәуелсіз директор – комитет төрағасы;
  2. Оразбаев Руслан Сағадатұлы, тәуелсіз директор – комитет мүшесі;

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі комитеті

Стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі комитеттің атқарымдарына стратегиялық жоспарлау, инвестициялық және инновациялық қызмет, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару, есептілік және қызметті бағалау, тағы да басқа мәселелерді алдын ала қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру кіреді.

Комитет мүшелері:

  1. Оразбаев Руслан Сағадатұлы, тәуелсіз директор – Комитет төрағасы;
  2. Мәдиев Сержан Нұраханұлы, тәуелсіз директор – комитет мүшесі;
  3. Оразымбетова Дина Бахтиярқызы, сарапшы ретінде Стратегиялық талдау және инновация орталығының директоры;
  4. Жұмаділов Нұржан Ғабдімұхтарұлы, сарапшы ретінде Бюджеттік жоспарлау және жиынтық талдау департаментінің бас менеджері;
  5. Әбілқасова Гаухар Ғалиасқарқызы, сарапшы ретінде Тәуекел-менеджменті департаментінің директоры;
  6. Омаров Алпамыс Әміржанұлы, сарапшы ретінде АӨК дамыту бағдарламаларының мониторингі департаментінің директоры;
  7. Қаирденова Әсемгүл Ағыбайқызы, сарапшы ретінде Жобалар мониторингі департаментінің директоры;
  8. Көбайдаров Марат Нұрашұлы, сарапшы ретінде ДЗО СД сүйемелдеу департаментінің бас менеджері.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеті

Әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің атқарымдарына біліктілік талаптары, кандидаттарды бағалау, сабақтастықты жоспарлау мәселелерін, қызметті бағалау, сыйақы жүйесі туралы және т.б. мәселелерді алдын ала қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру кіреді.

Комитет мүшелері:

  1. Оразбаев Руслан Сағадатұлы, тәуелсіз директор – комитет төрағасы;
  2. Орынбаев Ерлан Бақытұлы, тәуелсіз директор – комитет мүшесі;
  3. Дәрібаев Айдын Көпжасарұлы - сарапшы.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің автоматтандыру мәселелері жөніндегі комитеті

Автоматтандыру мәселелері жөніндегі комитеттің функцияларына қоғамның кредиттік-лизингтік өнімдері мен процестерін автоматтандыру жөніндегі жобалар бойынша Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын қарау және алдын ала мақұлдау, бизнес-процестерді автоматтандыру процесінде қоғамның жұмыс топтарының өзара іс-қимылын (бар болса) үйлестіру, қоғам процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстарды алдын ала қарау және келісу және қоғамның бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау кіреді.

Комитет мүшелері:

  1. Дарибаев Мурат Амангельдиевич, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы – Комитет төрағасы;
  2. Тасжуреков Ербол Куанышевич, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - комитет мүшесі;
  3. Избастин Каныш Темиртаевич, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - комитет мүшесі;
  4. Алтынбеков Кайрат Турекулович, "ҚазАгро" Холдингі" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі - сарапшы;
  5. Қаирденова Әсемгүл Ағыбайқызы, "ҚазАгро" Холдингі" АҚ жобалар мониторингі департаментінің директоры - сарапшы;
  6. Жагабаева Назгуль Муратовна, "ҚазАгро" Холдингі" АҚ IT дамыту департаментінің директоры - сарапшы.