Директорлар Кеңесінің қызметі

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесі Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес әрекет етеді, онда ДК мүшелерін іздеу, іріктеу және сайлау тәртібі; ДК жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға кірістіру тәртібі; ДК-нің ЖА-мен және Қоғам Басқармасымен өзара іс-қимыл тәртібі; ДК мүшелерінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі; ДК отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібі; ДК қызметін бағалау тәртібі; ДК мүшелеріне шығыстар өтемақыларын және сыйақыларды төлеу тәртібі; ДК мүшелерінің біліктілігін арттыру және олардың сыртқы сарапшыларды тарту тәртібі көрсетіледі. 

Директорлар кеңесінің қызметі кәсіпқойлық, парасаттылық және сақтық, адалдық және әділдік, сондай-ақ ЖА құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделеді. 

ДК функцияларын тиімді орындауға жәрдемдесу мақсатында оның жанында мынадай комитеттер жұмыс істейді: 

  • ішкі аудит жөніндегі
  • стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі
  • әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі

Қазіргі уақытта Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 5 адамды құрайды, оның ішінде екі тәуелсіз директор бар, бұл Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау үшін Директорлар кеңесі құрамының теңгерімділігін қамтамасыз етеді және Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамын корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесінің талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Директорлар кеңесі мен комитеттердің отырыстары тұрақты негізде өткізіліп тұрады. 2019 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 14 отырыс, оның ішінде 11 отырысты бетпе-бет нысанда және 3 отырысты сырттай нысанда өткізді, бұл отырыстарда Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша шешімдер қаралды және қабылданды. 

2019 жылы Директорлар кеңесінің мүшелері үшін біліктілікті арттыру жүргізілді.