«ҚазАгроҚаржы» АҚ мүлкінен тыйымды алу туралы.
2015 жылғы 01 қыркүйекте бұрын кепілдікке қойылған мүлікті меншікке айналдыру туралы 2013 жылғы 31 мамырдағы актіні заңсыз деп тану жөніндегі Банкроттық басқарушы «Атамекенбалықөнеркәсібі» ЖШС-нің «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на қойған талабын қамтамасыз ету ретінде Астана қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ш.М. Нусупованың 2015 ж. 2 наурыздағы ұйғарымымен тыйым салынған Қызылорда облысы, Арал қ., С.Сүлейменов көш., 1 мекен-жайында орналасқан жер телімімен қоса балықты қайта өңдеу зауыты түріндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ мүлкінен Астана қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Е. Шолимованың ұйғарымымен («ҚазАгроҚаржы» АҚ поштамен 09.09.2015 ж. алған кіріс №4344) тыйым алынды. Қызылорда облысы, Арал қ., С. Сүлейменов көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан жер телімімен қоса балықты қайта өңдеу зауытының жалпы теңгерімдік құны «ҚазАгроҚаржы» АҚ активтерінің жалпы құнының 0,36% құрайды.