(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі туралы ақпарат

«ҚазАгроҚаржы» АҚ толық атауы мен орналасқан жері: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма отырысының өтетін күні мен орыны: отырыс 2016 жылғы 13 ақпанда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының орналасқан жері – Астана қ., Республика даңғ., 24 мекенжайында, сағат 10:30 өтті.

Күн тәртібінің мәселесі: «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының Директорлар кеңестері туралы ережелерді бекіту туралы.

Күн тәртібінің мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5 тармағына және «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153 тармағы 7) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1. Келесі еншілес акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңестері туралы ережелер бекітілсін:

1) Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес «ҚазАгроҚаржы» АҚ;

2) Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;

3) Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ;

4) Осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес «ҚазАгроӨнім» АҚ;

5) Осы шешімнің 5 қосымшасына сәйкес «Қазагромаркетинг» АҚ;

6) Осы шешімнің 6 қосымшасына сәйкес «ҚазАгроКепіл» АҚ;

7) Осы шешімнің 7 қосымшасына сәйкес «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ.

2. «ҚазАгро» холдингі» АҚ өкілдері еншілес акционерлік қоғамдарының басқару органдарында еншілес акционерлік қоғамдардың ішкі нормативтік құжаттарының сыныптауыштарына, аталмыш құжатты Акционерлердің жалпы жиналысымен (Жалғыз акционермен) бекітілетін құжаттар тізбесіне қосу бөлігінде толықтырулар енгізу туралы мәселенің тиісті Директорлар кеңестерінің қарауына шығарылуын қамтамасыз етсін.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің мәселесі бойынша дауыс беру қортындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 3 дауыс (Малелов Н.Т., Мұхамәдиева А.С., Ходжаназаров А.А.).

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру қортындысы: шешім бір ауыздан қабылданды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру