(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғамы органының атауы:  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2018 жылғы 7 желтоқсан

Дауыс беру қортындысын (нәтижелерін) көрсете отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер / жалғыз акционермен қабылданған шешімдер

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына және «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 139-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1. Төмендегі құжаттарға енгізілген қоса тіркеліп отырған өзгертулер бекітілсін:

1) Жалғыз акционердің шешімімен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысы;

2) Жалғыз акционердің шешімімен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жарғысы;

3) Жалғыз акционердің шешімімен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Жарғысы;

4) Жалғыз акционердің шешімімен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Жарғысы.

2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары:

1) акционерлік қоғамдардың жарғыларына енгізілген осы шешіммен бекітілген өзгертулер мен толықтыруларға қол қойсын;

2) осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Жалғыз акционерінің шешімі деп саналсын.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 5 дауыс (Құрманов Р.Ж., Мунжасаров А.Ж., Жолдасов Е.Р., Джувашев А.Б., Раисова Г.Б.)

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР– (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім 5 (бес) дауыспен қабылданды.

Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: Жоқ

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру