(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы:  "КазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2018 жылғы 6 сәуір

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өткен жер: отырыс ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы орналасқан жерде – Астана қ. Республика даңғылы, 24 мекенжайында өтті.

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:  дауыс беру (нітижелерінің): 8. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ Директорлар кеңестерінің кейбір мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. 

Дауыс беру нәтижелерінің қорытындысын көрсете отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер: 

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Р еспубликасы Заңының  36-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153-бабы 7) тармақшасына, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғысының 16-тармағы 8) тармақшасына, «ҚазАгроКепіл» АҚ Жарғысының 18-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1.    «ҚазАгро» холдингі» АҚ Стратегия жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Мұхамадиева Айгүл Стахановнаның «Аграрлық  несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттігі 2018 жылғы 9 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2.    «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма мүшесі Атамқұлова Гүлназ Төреханованың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2018 жылғы 9 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

3.    «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «ҚазАгроКепіл» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің сегізінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 4 дауыс (Малелов Н.Т., Мунжасаров А.Ж. Мұхамадиева А.С., Жолдасов Е.Р.).

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру қорытындысы: шешім бір ауыздан қабылданды.

Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: Жоқ

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру