(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылдан шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы:  "КазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2018 жылғы 6 сәуір

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өткен жер: отырыс ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы орналасқан жерде – Астана қ. Республика даңғылы, 24 мекенжайында өтті.

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:  «Азық-түлік несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы және Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия инвестициялық қорының Біріккен Консультативтік кеңесін (CombinedAdvisoryBoard) тағайындау туралы. 

Дауыс беру нәтижелерінің қорытындысын көрсете отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер: 

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Р еспубликасы Заңының  36-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153-бабы 7) және 8) тармақшаларына, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жарғысының 16-тармағы 8) тармақшасына және «ҚазАгроКепіл» АҚ Жарғысының 18-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Басқарма ШЕШТІ:

1. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Мунжасаров Жұмағали Ахметғалиевич «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Жалғыз акционерінің өкілі болып сайлансын.

2. Мунжасаров Жұмағали Ахметғалиевичтың:

1) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ» Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттік ету мерзімі осы шешім қабылданған күннен бастап, тұтастай алғанда, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасы тұлғасында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» Жалғыз акционерінің АҚ 2017 жылғы 7 маусымдағы № 32  шешімімен бекітілген Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталған күнге дейін саналсын;

2) «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттік ету мерзімі осы шешім қабылданған күннен бастап, тұтастай алғанда, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасы тұлғасында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің АҚ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 37  шешімімен бекітілген Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталған күнге дейін саналсын.

8. «ҚазАгро» холдингі» АҚ осы шешімі, 6-тармақты қоспағанда, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «ҚазАгроКепіл» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Осы шешім «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесі «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының мүшелеріне басқа ұйымдарда лауазым атқаруға келісім берген күннен бастап күшіне енеді.

Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: Жоқ

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру