(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылдаған шешімдері туралы ақпарат

1.Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы («ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі)

2.Аакционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні: 2017 жылғы 27 қаңтар

3.Акционерлік қоғамының акционерлерінің жалпы жиналысының өткізу орны: отырыс "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы орналасқан жерде өткізілді - Астана қ., Республика даңғ. 24

4.Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер: 2017 жылға "ҚазАгро" холдингі" АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директорларының сыйақы мөлшерін анықтау туралы.

5.Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен:

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, "ҚазАгро" холдингі" АҚ Жарғысының 153-тармағының 7) тармақшасына, "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Қазагромаркетинг" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ Жарғыларының 16-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасы ШЕШТІ:

1. 2017 жылға "ҚазАгро" холдингі" АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директорларына Директорлар кеңесінің бір бетпе-бет отырысына қатысқандары үшін 75 000 (жетпіс бес мың) теңге мөлшерінде сыйақы мөлшері анықталсын. Салықтар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндетті төлемдер шегерілгенге дейінгі сыйақы сомасы көрсетілген.

2. Сыйақының төленуі "ҚазАгро" холдингі" АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының бюджетінде көзделген қаражаттың шеңберінде жүзеге асырылады. Тәуелсіз директор есепті кезеңде (жарты жылдық) "ҚазАгро" холдингі" АҚ еншілес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің барлық өткізілген бетпе-бет отырыстарының жартсынан азына қатысқан жағдайда, сыйақы төленбейді.

3. "ҚазАгро" холдингі" АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының Басқармалары осы шешімнен туындаған шараларды қолдансын.

4. "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасының осы шешімі "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Қазагромаркетинг" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша дауыс беру қортындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР - 4 дауыс (Малелов Н.Т., Мұхамадиева А.С., Мусина Л.С., Ерғалиева Б.Б.).

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР - жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР - (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру қортындысы: шешім бір ауыздан қабылданды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру