Ақпарат туралы саясаты мен тәжірибесіндегі әлеуметтік жауапкершілік Қоғам

Ақпарат туралы саясаты мен тәжірибесіндегі әлеуметтік жауапкершілік Қоғам

Әлеуметтік және кадрлық саясат

Қоғамның кадрлық саясаты қызметшілерді басқарудың тұтас ұзақ мерзімді стратегиясы болып саналады, оның басты мақсаты Қоғамның нақты уақыт шегінде қажетті сападағы және мөлшердегі еңбек ресурстарына қажеттілігін толық және уақтылы қанағаттандыру болып табылады. Білікті, бастамашыл, жоғары уәжді, қарқынды сапалы жұмысқа бағытталған қызметкерлер Қоғамның басты игілігі және бәсекеге қабілеттіліктің маңызды көзі ретінде қаралады.

Кадрлық саясаттың негізгі мақсаты Қоғамның стратегиялық мақсаттарын орындау үшін жоғары білікті қызметкерлерді тартуға, дамытуға және ынталандыруға негізделген қызметшілерді басқарудың тиімді жүйесін құру және жетілдіру болып табылады.

Кадрлық саясатты іске асырудың негізі тиімді ұйымдық құрылым мен оңтайлы кадрлық құрамның болуы болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердің конституциялық құқықтарын іске асыру шеңберінде олар үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды дамытуға бағытталған.

Әлеуметтік саясат қызметкерлердің жоғары әлеуметтік қорғалу деңгейін қамтамасыз етеді, олардың толыққанды қызметі етуі үшін және еңбегі үшін барабар сыйақы алуы үшін жағдай жасайды, кәсіби, жеке және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер береді, сөйтіп, Қоғам мен қызметкерлердің ұзақ мерзімді, тиімді және жемісті өзара қарым-қатынастарына мүдделілікті арттырады, мұның салдары жоғары еңбек тиімділігіне қол жеткізу болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік саясатының мақсаты Қоғамның әлеуметтік бағыттылығын дамыту, қызметкерлердің өмір сүру деңгейін біртіндеп арттыру, негізгі әлеуметтік игіліктердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және, ең алдымен, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғам басшылығы қызметкерлер үшін әлеуметтік және өзге де кепілдіктерді қамтамасыз етеді:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын іске асыру;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жұмыс орны;
  • еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
  • ерікті медициналық сақтандыру;
  • ақылы еңбек демалысы;
  • бала туған (ұл, қыз бала асырап алған), қызметкердің неке қиюы және қызметкердің жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қайтыс болған кезде қызметкерлерге материалдық көмек төлеу;
  • еңбекке мерзімдік-сыйлықақы төлеу;
  • қызметкерлер қызметтік іссапарларда болған кезде ақы төлеу;
  • кәсіби оқу және біліктілікті арттыру мүмкіндігі.

Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау, жоғары білікті қызметкерлерді ұстау және тарту мақсатында көрсетіледі.

Әлеуметтік саясаттың табысты іске асырылуы қызметкерлерді ынталандыруға және Қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне және жауапты жұмыс беруші әрі әлеуметтік-бағытталған ұйым ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау «ҚазАгроҚаржы» АҚ басым құндылықтарының бірі болып табылады және Қоғамның бизнес-жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қаралады.

Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жарақаттанудың алдын алу, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту, жұмыс орындарында тәуекелдер мен қауіптерді азайту Қоғамның кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатының негізгі бағыттары болып табылады.

Демеушілік және қайырымдылық

«ҚазАгроҚаржы» АҚ тұрақты негізде халықтың ең аз қорғалған топтарына қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетеді, сондай-ақ бейінді коммерциялық емес ұйымдарға (интернат үйлері, мектепке дейінгі балалар, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары және т.б.) қолдау көрсетеді.

Осылайша, Қоғам 3 жыл ішінде 28 млн. теңгеге қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетті, оның ішінде 2017 жылы – 18 млн.теңге, 2018 жылы – 5 млн. теңге, 2019 жылы – 5 млн. теңге.

2020 жылы қайырымдылық және демеушілік көмекке 5 млн. теңге бағыттау жоспарланып отыр, оның 1,2 млн. теңгесі ағымдағы күнге игерілген.