Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

«ҚазАгроҚаржы» АҚ корпоративтік сайтына қош келдіңіздер!

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 20 жылдан астам уақыт бойы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу бойынша лизингтік қызмет көрсетіп келеді.

Қоғам өзінің бүкіл қызметі бойы заңдылықтың, ашықтық пен шынайылықтың негізін қалаушы қағидаттарды ұстанып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты Қоғам қызметінде барынша жариялылықты қамтамасыз ету, мүдделі тұлғаларға қарсы құқыққа қайшы келетін әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың алдын алу болып табылады.

Қоғам барлық мүдделі тұлғалардың құқықтарын мойындайды және құрметтейді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру Қоғамның Қауіпсіздік департаментіне жүктелген.

Мүдделі тұлғаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың алдын алу мақсатында кері байланыс орнатылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруы кезіндегі заңсыз іс-әрекеттері, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің әдепсіз іс-әрекеттеріне жағдай жасайтын алғышарттардың туындау фактілері туралы Қоғамның Қауіпсіздік департаментіне 8 (7172) 557-338, № 4602 ішкі телефон нөмірі арқылы немесе «жедел желі» электрондық поштасына - hotline@kaf.kz хабарлауға болады.

Хабарлардың құпиялылығы мен жасырын болуына кепілдік беріледі.