8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақтөбе облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған жаңа жылыжай кешенінің іске қосылуы жоспарлануда

29.03.2017

Ақтөбе облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған жаңа жылыжай кешенінің іске қосылуы жоспарлануда

Ақтөбе облысында «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС-нің 9,5 га алаңға арналған жылыжай құрылысы аяқталды.

Кешеннің жалпы құны - 4,9 млрд. теңге, оның 3,4 млрд. теңгесі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазАгро» холдингінің құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған.

Қуаты жылына 5700 тоннаға дейін өнім шығаратын жобаның іске асырылуы аймақта жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ республиканың ішкі нарығында өзі өндіретін бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімдерінің үлесін ұлғайтуға ықпалын тигізетін болады.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыстық-монтаж жұмыстары аяқталған. Жобаның шеңберінде кешеннің барлық қажетті металл құрылымдары құрастырылған, 100 000 ш.м. астам шыны әйнектері орнатылған, электр кабельдері мен құбырлар төселген және басқа да жұмыстар атқарылған.

Қазіргі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобы жалпы құны шамамен 47 млрд. теңгеге жылыжай құру бойынша 41 жобаны қаржыландырғанын айта кету керек. Оның ішінде жалпы алаңы 119 га және өндірістік қуаты 47 мың тонна болатын 36 жылыжайы іске қосылды. Бұл объектілерді іске қосу барысында 1464 жұмыс орны құрылды.


Вернуться к списку
;