8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «AgriTek/FarmTek Astana’2017» 12-ші көрмесіне қатысты

18.03.2017


Ағымдағы жылдың 15 наурызынан 17 наурызына дейін «Көрме» астаналық көрме орталығында «AgriTek/FarmTek Astana’2017» 12-ші халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп, оған «ҚазАгроҚаржы» АҚ қатысты.


«ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері көрме қонақтарын лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасына және технологиялық жабдыққа деген қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытудың мүмкіндіктерімен таныстырды.


Іс-шараға әлемнің 17 елінен 170 компания қатысты, оның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Германия, Испания, АҚШ, Түркия және Ресей. Олар ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың заманауи үлгілерін, суармалау технологиялары мен тыңайтқыштарды, тұқымдарды, көшеттерді, өсімдіктерді қорғау құралдарын және басқаларды ұсынды.

Дүниежүзілік көрме қауымдастығы AgriTekAstana көрмесіне оқиғаның жоғары ұйымдастыру деңгейі туралы, олардың бизнестің дамуына және саланың қалыптасуына әсері туралы куәландыратын «UFI Approved Event» белгісін бергенін атап өткен жөн.


Вернуться к списку
;