8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы бүкіл елімізді аралап жолға шықты

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы бүкіл елімізді аралап жолға шықты 09.11.2016

«Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық үгіт-насихат пойызы 1 қарашада елорда сапаржайынан аттанды. Арнайы құрамның вагондарына Қазақстанның 7 министрлігі мен үш ұлттық компанияларының өкілдері жайғасты. Бұлар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Әділет, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ҚР АКМ, ҰЭМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ білікті мамандары, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері, тағы да басқалар. Бұлардың бәрі де азаматтарға кеңес беру қызметтерін көрсетіп, олардың нақты бір мәселелерін шешетін болады. Олардың ішінде – халыққа медициналық, әлеуметтік және заңгерлік қызметтер, сондай-ақ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері бойынша  қызмет көрсету. Олар жолда 43 күн болып, еліміздің 35 қалалары мен елді мекендерін аралап шықпақ. Мерейтойлық құрамның делегаттары Қазақстанның бүкіл аймақтары мен қалаларында: Астанада, Қарағандыда, Семейде, Павлодарда, Көкшетауда, Петропавлда, Ақтөбеде, Атырауда, Жезқазғанда, Таразда, Түркістанда, Қызылордада, Талдықорғанда, Қапшағайда және көптеген басқа ірі де орташа елді мекендерде болып қайтады деп жоспарланып отыр. Көп атқарымдық пойыздың соңғы бағыт бекеті Алматы болмақ, қатысушылары жоспар бойынша 14 желтоқсанға қарай, ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында келіп жететін болады.


Вернуться к списку
;