8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

БҚО жаңа етті қайта өңдеу кешенінің өнімі экспортқа жөнелтілді

10.11.2015 «ҚазАгро» ұлттық холдингінің жерісі бойынша қаржыландырылған кезекті жоба жұмыс режиміне көшті және алғашқы экспорттық топтаманы қалыптастыруды бастады. Әңгіме Батыс-Қазақстан облысындағы "Батыс Марка Ламб" ЖШС жаңа етті қайта өңдеу кешені туралы, онда Өзбекстан Республикасына жөнелту үшін мал сою басталды. Алайда, қазақстандық кәсіпорын мақсат еткен негізгі экспорттық бағыт – бұл Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург сияқты басты қалаларының нарықтары, ресейлік әріптеспен жасалған шартқа сәйкес, компания қой етін солтүстіктегі көрші елге қарай жөнелтуді жоспарлайды. Тәулігіне қуаттылығы 1400 шағын мүйізді мал басы (ШММ) сойылатын блокты еттер мен вакуумдық қаптамалардағы ірі кесек турамаларды шығаратын етті қайта өңдеу кешенін құру жөніндегі жобаны «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы даму институты «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен қаржыландырылды. Холдингтің инвестициялық бағдарламасының шеңберінде іске асырылған нысанға компания шамамен 2,2 млрд.теңге инвестиция салды. Кәсіпорында италияның «Rovani SrL» фирмасының жабдықтары орнатылған. Жоғары технологиялық желі малды союдан және ететрді бөлуден бастап бастап терең тоңазыту және буып түюге дейінгі толық өндірістік циклды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. "Батыс Марка Ламб" ЖШС директоры Бақытжан Кескінбаевтың айтуынша, Өзбекстандық әріптестермен ұзақ мерзімдік келісім-шарттардың шеңберінде компания оңтүстікке 100-150 тонна қой етін жөнелтетін болады. Қазіргі уақытта «МАРКА Lamb» сауда маркасымен шығарылатын өнім жергілікті нарықтарда, сондай-ақ Алматы облысының нарықтарында сатылады. Кәсіпорынның басшысы атап өткендей, етті қайта өңдеуші кешен үшін малдар жақын орналасқан бес ауданнан сатып алынады, олардың шаруашылықтарында облыстағы барлық миллиондаған мал басының 60 пайызынан астам қой малы бағылады. Ет комбинатының өндірістік желісін іске қосу 80 жергілікті тұрғынды оқытып және жұмысқа тұруына мүмкіндік берді. Өндірісте толық қуатқа шығып және ресей бағытына экспорт кеңіген жағдайда, жұмыскерлердің штаты 150 адамға дейін жеткізілетіні туралы айтылады. "Батыс Марка Ламб" ЖШС етті қайта өңдеу кешені бүгінгі күні республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі іске асыратын 529 инвестициялық жобаның бірі болып табылады. Оның жиынтық құны 325,1 млрд. теңгені құрайды. Осы жобаларды салып және пайдалануға берудің арқасында 16,4 мың жұмыс орнын құру болжанады. «ҚазАгро» холдингінің барлық инвестициялық жобаларының ішінде бүгінде өндіріске 418 жоба қаржыландырылып және іске қосылды, оның жалпы құны 234,5 млрд. теңге және 12,8 мың жұмыс орны құрылады. Осы ретте оның 2015 жылы пайдалануға жалпы құны 13,5 млрд.теңгенің 56 инвестициялық жобасы іске қосылды. Жалпы осы жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің АӨК қаржыландыруының жалпы көлемі 205,2 млрд. теңгені құрады. Осы соманың АӨК субъектілерін несиелеуге холдингпен 168,2 млрд. теңгесі, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға - 36,99 млрд. теңгесі бағытталды.

Вернуться к списку
;