8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақтөбе облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен екі ірі өнеркәсіптік жоба – көкөніс қоймасы мен етті қайта өңдеу кешені іске қосылуда.

Ақтөбе облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен екі ірі өнеркәсіптік жоба – көкөніс қоймасы мен етті қайта өңдеу кешені іске қосылуда. 06.11.2015 Ақтөбе облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен екі ірі өнеркәсіптік жоба – көкөніс қоймасы мен етті қайта өңдеу кешені іске қосылуда. Бүгінгі таңда, орын алған экономикалық жағдайда шетелдік азық-түлік импортын отандық азық-түлікпен алмастыру мәселесі өткір тұр. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қызметі Қазақстанның ірі қалаларының төңірегінде азық-түлік белдеуін нығайтуға бағытталған. Атап айтқанда, бүгінгі таңда компания «Анди», «Айс», «Молочные истории» сүт фермалары сияқты өнеркәсіптік объектілерді, шетел селекциясының ірі қара малдары бар «Актеп» мал бордақылау алаңын, «Изет Грин Хаус» жылыжай кешенін және аймақтық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған басқа да ірі жобаларды іске қосқан. Қазіргі уақытта тағы да бірнеше ірі өнеркәсіптік объектілердің іске қосылуы жоспарланып отыр. Дәлдеп айтсақ, бір мезеттік сақтау қуаты 3000 тонналық «СХФ Пригородный» ЖШС көкөніс қоймасы. Бұл жобаның іске қосылуы маусымаралық кезеңде аймақ тұрғындарын жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Жобаның құны 410 млн. теңгеге жуық, оның 80% - «ҚазАгроҚаржы» АҚ ортақ қаржыландыруы. Жоба «Көкөніс қоймаларының желісін құру» инвестициялық бағытының шеңберінде қаржыландырылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражатына Голландия өндірісінің қазіргі заман қойма жабдығы мен желдету жабдығы сатылып алынған. Қазір көкөніс қоймасы көкөніс өнімдерін салуға толығымен әзір. Жаңа жылға жақынырақ барлық дүние жүзілік стандарттар бойынша сақталған өнімдер бағаны төмендету үшін аймақтың азық-түлік нарықтарына түсетін болады. Сонымен бірге, аймақтағы ең ірі, қуаты жылына 7200 тонна ет өнімдерін өндіретін «Молочные истории» ЖШС етті қайта өңдеу кешенінің іске қосылуы жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 2 291,3 млн.теңге. Оның 70% - «ҚазАгроҚаржы» компаниясының ортақ қаржыландыруы. Қайта өңдеуге арналған ет өнімдері зауытқа тікелей етті қайта өңдеу кешенінің жанында орналасқан, мал асырау стандарттары, сондай-ақ мал союдың халықаралық нормалары ескерілген 10 000 бас ІҚМ арналған аймақтағы ең ірі «Актеп» бордақылау алаңына жеткізілетін болады. Бұл кәсіпорын өзінің ет өнімдері өндірісінің тұйықталған циклімен қамтамасыз ететінін мақтаныш ете алады. Қарапайым тілмен айтқанда, бордақылау алаңы, сойыс орыны және етті қайта өңдеу кешені бір аумақта орналасқан ауыл шаруашылығы кластері болып саналады, демек малды алыс жерге тасымалдаудың, күйзеліске және сыртқы әсерлерге ұшыратудың қажеті жоқ. Шаруашылықтың жоспары - аймақ пен ел тұрғындарын жас ет өнімдерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар шекарамен шектес елдерге де экспорттық ет жеткізілімінің көлемін ұлғайту. Анықтама: «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызмет етіп келе жатқан 15 жылы ішінде аймаққа 29 144 млн. теңге, соның ішінде 2015 жылы 5 470 млн.теңге инвестицияланған. Сонымен бірге, бүкіл жылдар бойы облыс бойынша жалпы сомасы 3 309, 5 млн.теңгеге техника, жабдық сатып алу және қарыздар қаржыландырылған. 2010 жылдан бері Ақтөбе облысының аумағына жалпы сомасы 1 857,6 млн.теңгеге ет және сүт бағытындағы 3069 бас асыл тұқымды малдар әкелініп, лизингке табысталған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. Әлия Исенова, "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз хатшысы. Астана қ., (7172) 580411, (ішкі 2954) 8-702-218-67-17a.issenova@kaf.kz

Вернуться к списку
;