8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Сочи қаласындағы аймақаралық форум көрмесіне қазақстандық 60 агроөндіруші қатысады

Сочи қаласындағы аймақаралық форум көрмесіне қазақстандық 60 агроөндіруші қатысады 15.09.2015 2015 жылғы 16 қыркүйекте Сочи қаласында өтетін Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастық XII Форумының шеңберінде өтетін «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» мамандандырылған көрмеге Қазақстан Республикасынан 9 облысы мен бір республикалық маңызы бар қаладан (Атырау - 5, Қостанай – 3, Павлодар – 4, Батыс-Қазақстан – 5, Оңтүстік-Қазақстан – 15, Шығыс-Қазақстан – 4, Алматы – 6, Ақтөбе – 2, Солтүстік-Қазақстан – 13, Алматы қ. -3) ауылшаруашылық саласының 60 кәсіпорыны қатысады. Қызылорда облысы Ресей Федерациясымен ынтымақтастық стендін ұсынады. Барлығы көрме жұмысына 10 облыс пен Алматы қаласы қатысады. Көрменің экспоненттері ауыл шаруашылығының келесі бағыттарын ұсынады: сүт өнімдері, ет және шұжық өнімдері, жеміс-көкөніс өнімдері, кондитерлік өнімдер, алкогольдік және алкогольсіз сусындар, май өнімдері, ұн мен макарон өнімдері, бал және ара өсірушілік шаруашылығы өнімдері, панта өнімдері, жас жемістер және балық өнімдері мен түйетауық еті. Осы бағыттардың көбі «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық қызметінің алаңы болып табылатындықтан, көрмеде Холдингтің компаниялары қаржыландыратын қазақстандық агроқұрылымдар кеңінен ұсынылған. Қазақстан Республикасының көрме павильоны елдің облыстарының бөлігінде көрсетілетін болады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту барысымен танысу үшін көрме павильонының ортасы инфоргафиканы және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін көрсетуді көздейтін ұлттық ақпараттық стендке арналған. Сондай-ақ, Холдингтің инвестициялық қызметін көрсететін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ақпараттық стенді қойылған. Хабарланғандай, 2015 жылғы 16 қыркүйекте Сочи қаласында Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастық XII Форумы өтеді, оған екі елдің Президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Алдағы болатын форумның тақырыбы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету». Форумның шеңберінде ресей мен қазақстандық қатынастардың өзекті мәселелері және Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа аймақтық бірлестіктер шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады деп жоспарлануда. Форум іс-шарасының бағдарламасымен сондай-ақ, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей-қазақстан ынтымақтастығы» мамандандырылған көрмені, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі ресей мен қазақстанның іскерлік кеңесінің отырысын, екі жақты жастар форумын өткізу көзделген. Ортақ құжаттардың бірқатарына, соның ішінде ресей мен қазақстан аймақтары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланады. Қатысушылардың арасында – негізгі министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның облыстары субъектілерінің басшылары, ірі бизнес өкілдері бар.

Вернуться к списку
;