8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қостанай облысында егін жинау науқаны қарсаңында қуаты 40 000 тонна астық сақтау элеваторы іске қосылды.

10.09.2015 Элеваторлар мен астық сақтау ыдыстарының проблемасы бұрыннан бері бар. Астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ еуропалық озық технологиялар бойынша тұрғызылған астық қоймаларын іске қосуда. Бүгінгі таңда компания бүкіл Қазақстан бойынша 358 мың тоннадан аса астық сақтауға жағдай жасаған. Осы аптада Қостанай облысының Таранов ауданында қуаты 40 000 тонна «Olzha Storag» ЖШС тағы да бір ірі қоймасы іске қосылды. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 485 миллион теңгеден асады. Астық қоймасының басшыларының айтуынша, мұнда өнімді тек сақтап қана қоймай, оның сапалық сипаттамасын да арттыратын болады. Соңғы уақытта егін жинау науқаны кезінде жиі жауын-шашындардың салдарынан астық дымқыл болды. Қазір мұнда астықты тиімді тазартып, кептіру үшін техникалық мүмкіндіктер бар. Сонымен бірге, бұл элеватор толығымен газбен жабдықталатын болады. Газ таяу орналасқан ауылдарға да жүргізілетін болады, ал ауыл тұрғындары 44 қосымша жұмыс орындарына ие болуға мүмкіндік алады. Бүгінгі күннің өзінде «Olzha Storag» элеваторы жаңа өнімді қабылдап алуға әзір. Қостанай облысында ендігі жарты миллион тоннадан сәл көбірек астықты жинап та үлгерді. Басшылардың сендіруінше, тіпті жауын-шашынды ауа райы мұндай жарақтандырылу кезінде астықты сақтау жағдайларына және одан арғы сапасына әсерін тигізбейді. Сөз реті келіп тұрғанда, айта кету керек, бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауының арқасында бүкіл ел бойынша сомасы 10,5 млрд. теңгедан артық жалпы жобалық қуаты 358 500 тонна 15 ірі астық қоймасы іске қосылған. «Olzha Storag» жобасы – 2015 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша іске қосылған бесінші астық қойма. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында астық қоймаларын құру бойынша кемінде 10 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Вернуться к списку
;