8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Societe Generale» француз банкісінен 25 млн. АҚШ долларына қаржыландыру тартты.

27.07.2015 «ҚазАгроҚаржы» АҚ 5 жыл мерзімге қаржыландыру беру туралы «Societe Generale» француз банкісімен несие келісімін бекітті. Ағымдағы жылдың маусым айында желі толығымен игерілген болатын. Бұл қаражатқа кейін қазақстандық аграршыларға лизингке табыстау үшін ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынған. «Шетелдік инвесторлардан қаржыландыру тарту - бүгінгі таңда біз үшін бұл бюджеттен тыс қаражаттардан қосымша қаржыландыру көзі, - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру тарту бөлімінің бастығы Аслан Ноқышев. Шетел инвесторларының арқасында біз қазақстандық аграршыларға берілетін техника санын айтарлықтай шамаға көбейттік. Шетелдік инвесторлардың біздің компаниямызға сенетіндігі және қазақстандық тараптан ұсынылатын қандай да болсын бір қосымша кепілдемесіз ақша қаражаттарын беретіндігі – өте жақсы, олар бізден сенімді серіктесті көреді», - деп сөзін аяқтады Аслан Бауыржанұлы. «Societe Generale» француз банкісімен ынтымақтастық – бұл шетелдік инвесторлармен жасалған алғашқы мәміле емес. Ірі компаниялардың арасында, әр түрлі қаржыландыру беру туралы келісімдер «Ислам даму банкі», «Гаспромбанк», «Россельхозбанк», «Евразийский банк развития», «Deere Credit», «LandesBank Berlin», «HSBC» сияқты ірі қаржы институттарымен жасалған болатын. Тартылған қаражаттардың көпшілік бөлігі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және кейін аграршыларға лизингке табыстауға салынған болатын. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.

Вернуться к списку
;