8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанда ІҚМ Бірінші халықаралық аукционы өтті

08.07.2015 Қостанай облысының Бүрлі поселкесінде ірі қара малдың Бірінші халықаралық акционы өтті. Сатуға абердин-ангус тұқымының 130 асыл тұқымды бұқалары мен 180 асыл тұқымды қашарлары қойылды. Бүгінгі таңда болып өткен аукционды мал саны жағынан Қазақстандағы асыл тұқымды мал сату тарихындағы ең ірі аукцион деп санауға болады. Асыл тұқымды малдар 2014 жылы «Север-Агро Н» ЖШС фермасына «ҚазАгроҚаржы» АҚ Австралиядан қаржы лизингі бағдарламасы бойынша әкелген малдарынан алынған төлдер. Негізгі ерекшелігі – лезде салмақ жинау қасиеті, Қазақстанның климатына бейімделгіштік пен тұрақтылық болып табылатын бұзаулар 35 кг жуық салмақпен дүниеге келген, бірақ небары бір жылдың ішінде олардың салмағы 10 еседан асаға өсті. Аукционға қойылған асыл тұқымды еркек таналардың орташа салмағы – 480 кг, бастапқы құны – 360 мың теңгеден басталады. Іс-шараға репродуктивті мал өсірумен айналысатын қазақтандық фермерлер, таяу және алыс шетелдердің агробизнесмендері, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың өзі де қызығушылық білдірді. Аукционның қортындысы бойынша, әрі қарай тұқымдық мал өсіру үшін Абердин-ангус тұқымының 45 бұқасы мен 180 қашары сатылды. Салмағы 500 кг құрайтын Лоттың ең жоғары бағасы 510 000 теңге құрады. Қалған малдар еркін сатылымға түсіп, ендігі аукцион талаптарынан тысқары сатылатын болады. Журналистерге аукцион қортындысын түсіндіре отырып, Асылжан Мамытбеков соңғы бірнеше жылдарда мал бастарының республикалық асыл тұқымдық ядросы 3 пайыздан 12 пайызға дейін, соның ішінде елімізде шығарылған малдардың есебінен жоспарлы түрде ұлғайғаны жөнінде айтып кетті. – Скептиктер жеңілді, – деді ол. – Импортталған Абердин-ангустардың жергілікті климатқа бейімделу қасиеті өте жақсы болып шықты. Бұл ретте, олар қымбат та күрделі қора-жайларсыз-ақ тұра береді. Жануарлардың бағасы қолайлы. Ал мемлекет отандық сатып алушыға асыл тұқымды мал сатып алуға тағы да едәуір субсидия беретін болады. Бүгінгі таңда асыл тұқымды репродуктор-шаруашылықтарын дамыту бағдарламасы шеңберінде «Север-Агро Н» ЖШС репродуктор-фермасына «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 10 жыл мерзімге жылдық 4 %-бен 2489 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Осы шаруашылықты дамытуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ салған инвестицияның жалпы сомасы 1 498 439 228 теңге. Назарларыңызға, 2011-2014 жылдар аралығындағы кезеңде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқасында елімізге 40 380 бас (етті 33 824 бас, сүтті 6 556 бас) ІҚМ әкелінді.

Вернуться к списку
;