8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялары тобы арқылы шағын және орта бизнесті қолдау»

25.06.2015 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша республиканың ауыл шаруашылығы саласында 175 мың шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар жұмыс істейді. Жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингі елдің агросекторындағы шағын және орта бизнесті несиелеуге 91,6 млрд. теңге бағыттады немесе ол берілген несиенің жалпы көлемінің 93%-ы. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 1,4 есеге артық (63,9 млрд. теңге). Ауылдағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету қаржыландырудың түрлі бағыттары мен бағдарламалары арқылы, сондай-ақ ауылдағы бизнес үшін қаржы ресурстарына қолжетімділікті кеңейту жөніндегі жүргізілетін саясат арқылы жүзеге асырылады. Мысал ретінде жұмыс істейтін Несие серіктестіктерін нығайту бойынша Холдингпен жүргізілетін жұмысты атап өтуге болады. Сонымен, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – Аграрлық несие корпорациясы 171 Несие серіктестігін қаржыландырды, оның құрамына 11 мың ауылшаруашылық құрылымдары кіреді. Ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2007 жылдан бастап ауылдағы қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін дамытуға қолдау көрсетіледі. Жылдың басынан бастап осы бағдарлама бойынша 79 млн.теңге сомасына 10 жоба қаржыландырылды. Несиелер қонақ үй объектілерінің құрылысы мен қайта қалпына келтіруге және туристік бизнеске, жол бойғы сервиске, қоғамдық тамақтану пункттерін және ауылдық сауда нүктелерін жаңартуға бағытталады. Бағдарламаны іске асырудың басынан бастап жалпы 3 181 млн.теңге сомасына 180 жоба қаржыландырылды. 2014 жылдан бастап жаңа бағдарламалар – «Алтын Асық» қой шаруашылығын дамыту және жылқы шаруашылығы – «Құлан» жылқы шаруашылығын дамыту бойынша жаңа бағдарламаларды іске асырылуда. «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша барлығы 1,2 млрд.теңгеге 114 жоба және «Құлан» бағдарламасы бойынша 4,3 млрд.теңгеге 281 жоба қаржыландырылды. Жылдың басынан бастап Корпорация кейіннен АӨК субъектілерін несиелеу үшін Екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру бойынша жаңа бағдарламаны іске асыруды бастады. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 3,6 млрд.теңге сомасына ЕДБ қаржыландырылды. Сонымен бірге жайылымдарды суландыру инфрақұрылымының құрылысын несиелеу бағдарламасын іске қосылды. Бүгінгі таңда 4,8 млн.теңге сомасына 2 жоба қаржыландырылды (Қостанай облысында). Аграрлық несие корпорациясы сонымен қатар «Жедел-несие» бағдарламасы бойынша кепілзатсыз несиелеуді жүзеге асырады, іске асыру аралығында барлығы 75,8 млн. теңге сомасына 10 НС (51 АШТӨ) несиелендірілді. Ауылшаруашылық шикізатын өңдеу кәсіпорындарын және тамақ өнімдерінің өндірісін несиелеу шеңберінде 13,6 млрд.теңге сомасына 43 жоба қаржыландырылды (етті, сүтті, жүнді, балықты, дәнді дақылдарды, өсімдік майын, жеміс-көкөніс өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін өңдеу). Ауылдағы шағын несиелеу секторындағы Холдингтің басқа еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының үлесі 94%-ды құрады. Бүгінгі күні бұл компанияның негізгі қаржыландыру бағдарламалары мынадай: «Жұмыспен қамтуть 2020», «Егінжай», «Жылыжай», «Мурабаха», «Кәсіпкер», «Ауылдық ипотека» (агенттік қызмет көрсету). 2013 жылдан бастап Қор Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасының екінші бағытына өңірлік уәкілетті ұйым ретінде қатысады. Бағдарламаның мақсатқа арналған орны жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту болып табылады. 2013 және 2014 жылдар аралығында шамамен 30 млрд.теңге берілген, жылдың басынан бастап - 1,5 млрд. теңге берілді. Табыстары орташа және табыс деңгейлері төмен ауыл тұрғындарын шағын несиелеудің түрлі бағдарламалары бойынша барлығы 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының желісі бойынша 121,6 млрд.теңге сомасына 104 250 несие берілді және 111 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап компания 7,9 млрд.теңге сомасына 2 102 шағын несие берді. Ауылшаруашылық техникаларын сатып алу бойынша лизинг қызметінің нарығында 2015 жылғы 1 маусым жағдайында «ҚазАгроҚаржы» АҚ үлесі 73%-ға дейін өсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 8%-ға артық. Ағымдағы жылы компаниямен 27 млрд.теңге сомасына 2117 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техника мен жабдықтарды сатып алуға шарттар жасалды, соның ішінде 100 комбайн, 847 трактор, 767 арнаулы техника, 37 бірлік технологиялық және қайта өңдеуші жабдықтар, 366 бірлік басқа техникалар. Сонымен бірге Холдингтің еншілес акционерлік қоғамдары ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне сатып алу операцияларын жүргізу арқылы қолдау көрсетеді. Мысалы, ағымдағы жылы «ҚазАгроӨнім» АҚ 1,8 млрд.теңге сомасына мал шаруашылығы өнімдерін сатып алды. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ 50 млн.теңге сомасына мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуды қаржыландырды. Көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына қолдау көрсету шеңберінде 2015 жылы Холдингке 60 млрд.теңге сомасына бюджеттік несие берілді. Несие қаржы институттары (ЕДБ) мен екі оператордың («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ) арасында қарыз түрінде бөлінді. Сонымен қатар, Холдингтің еншілес компанияларымен меншікті қаражаты есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қосымша қаржыландыру жоспарланады. Көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді Холдингтің жалпы қаржыландыруы (ауылшаруашылық техникасының лизингін қоса алғанда 97 млрд.теңгеден астамды құрайды. 2015 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша Холдингпен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына 62,2 млрд. теңге бағытталды. Холдингтің шамамен 90% қарыз алушылары шағын және орта бизнес санатына жататын АШТӨ. Осы ретте Холдингтің несие қоржынындағы ұзақ мерзімді несиенің үлесі 80%-дан асады.

Вернуться к списку
;