8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстан АӨК «ҚазАгро» Холдингінің инвестициялық қызметі

 Қазақстан АӨК «ҚазАгро» Холдингінің инвестициялық қызметі 23.06.2015 Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингімен 2007 және 2015 жылдар аралағында 317,9 млрд.теңге жалпы құнын құрайтын 514 жобаның іске асуы мақұлданды. Аталған жобаларды пайдалануға берумен іске қосылу уақытында 16 мың жұмыс орындары құрылды. Бүгінгі күнге дейін қаржыландырылған өндіріс орындарының жалпы санынан 228,0 млрд.теңге сомасын құрайтын 391 жоба іске қосылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 39,3 млрд.теңге сомасына 73 жоба пайдалуануға берілді. Инвестициялық жобалардың іске асуындағы басты мақсат – импорттың орнын ауыстыру, сонымен қатар экспортқа бағытталған өндіріс құру. Индустрияландыру Картасына (республикалық және аймақтық) Холдингпен қаржыландырылған 106 жоба кіреді. Олардың жалпы құны 159,5 млрд.теңгені құрайды, 6 мың. жұмыс орындарының құрылуымен. Инвестициялық жобалар Қазақстанның барлық облыстарында жүзеге асырылады, соның ішінде 75,7 пайызы аудандар, 92 пайызы облыстық маңызы бар қалалар. Облыстар арасында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша көшбасшылар: Ақмола облысы – 62 жоба, СҚО – 44 жоба, Алматы облысы – 42 жоба, Қостанай облысы – 34 жоба және ОҚО – 38 жоба. Ағымдағы жылы 50 млрд.теңге сомасына 75 инвестжобаны іске қосу жоспарлануда, оның ішінде бүгінгі күні 30 жоба пайдалануға берілді. Холдингтің инвестициялық жобаларының іске асырылуы көкөніс өнімдері импортының үлесін 76 пайызға төмендетуге, сақтау көлемдерінің дефицитін 63,4 пайызға, құс еті импортын 30,2 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ұлттық Қордан бөлінген қаражат есебінен 142 млрд.теңге сомасын құрайтын 161 жоба пайдалануға берілді. Жалпы аталған қаражат есебінен 200,2 млрд.теңге сомасына 223 жобаны қаржыландыру мақұлданған. Бұл келесі бағыттар бойынша жобалық қуаттылықтар: 51,4 мың тонна жабық топырақтағы көкөністер; 87,0 мың тонна жеміс-көкөніс; 108,6 мың тонна сүт және сүт өнімдері; 80,3 мың тонна құс еті; 27,7 мың тонна өңделген ет өнімдері; 772,5 мың тонна астық сақтау; 35,2 мың тонна макарон; 135,8 көкөніс сақтау; 237,5 мың тонна жем-шөп; Жылына 1,5 млн.тонна астық тиеу терминалы Аталған жобаларды іске асырумен 6 мың жұмыс орындары құрылады. Еліміздегі Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты, құрамына жеті мамандандырылған ұйым қамтылған «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жүзеге асырады. ҚазАгро шет елдік компаниялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құрып оны қаржыландыруда мол тәжірбие жинақтаған. Сондай-ақ, холдингтің қолдауымен құны 49,7 млн доллар болатын үш ірі жоба жүзе асып, бұдан өзге, осы салаға құны 13,5 млн доллар болатын шет елдік тікелей инвестиция тартылды. Ақмола облысындағы 2 мың және 3 мың бас ірі қара малға арналған екі ферма, Global Beef (АҚШ) біріккен кәсіпорындардың нәтижесінде іске асты. Германиялық Agravis компаниясымен өзара ынтымақтастық нәтижесінде өнімділігі 36,8 мың тонна жем дайындауға арналған мал жемін әзірлейтін зауыт ашылды. Соңғы жылдары Қазақстан шетел инвесторларын мемлекеттік қолдау бойынша көптеген шаралар қабылдады. «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инвесторлардың инвестицияларға, қарыздарға, өндірістік шығындарға субсидия түрінде қолдаудың артықшылықтарын бағалауға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпорындар үшін салық мөлшерлемесінен 70 пайыз жеңілдік беріледі. Бизнес өкілдерінің белсенді қызығушылығын ескере отырып, ағымдағы жылдың күзінде екінші агроөндірістік инвестициялық форумның өткізілуі жоспарлануда. Бүгінгі күні 4 шетел компаниялары келесі бағыттар бойынша Қазақстанға инвестиция құю туралы шешім қабылдады: 1) өңделген құс және ІҚМ еті өнімдерінің өндірісі, 2) 15 000 тонна өнімді (жүгері) бір уақытта сақтау көлемі бар элеватор құрылысы, 3) тамшы суландыру жүйенің құрылысы, 4) 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы. Сонымен қатар бірқатар әлеуетті шетел инвесторлары нарықты зерттеу және келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру үшін жергілікті серіктестерді іздеу үстінде: 1) жеміс және көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 2) май өнімдерін қайта өңдеу, 3) 3000 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы, 4) құс фабрикасының құрылысы, 5) қант қызылшасынан қант өндіру. Жалпы соңғы 5 жылда еліміздің агроөндірістік кешенін дамытуға Холдингпен 973,4 млрд.теңге бағытталды. АӨК несиелендіруге Холдингпен 2007-2014 жылдар аралығында 700 млрд.теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде АӨК қаржыландырудың жалпы көлемң 133,5 млрд.теңгені құрайды, соның ішінде АӨК субъектілерін несиелендіру – 98,4 млрд.теңге. Бүгінгі күні Холдингтің несиелік қоржынында 34 мыңнан астам қарызгер бар.

Вернуться к списку
;