8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Аграршылар «жасыл технологиларяға» ауысуда

Аграршылар «жасыл технологиларяға» ауысуда 11.06.2015 Бүгінгі таңда отандық аграршылардың алдында жекелеген ауылдық аумақтарда тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін баламалы энергия көздерін іздестіру мәселесі тұр. Жұртқа мәлім, алыс жайылымдар, далалық және тау бөктерлеріндегі аудандар қазір ауыл шаруашылығын ұйымдастыру үшін ең экологиялы аудандар болып табылады. Ол жерлердің, ауасы да таза, шөбі те көк, бірақ өкінішке орай, мұндай аудандарға электр беру желілері жүргізіле бермейді, шаруашылықтар аграршылардың тұрмысын қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ, қандай да болсын бір агрокәсіпорынның қызмет атқаруына қажетті су сорғылары мен өзге де коммуникациялардың қол жетерліктей болуына мүмкіндік беретін электр желілеріне қолдары жетпей тіршілік етуге мәжбүр. Еліміздің табиғи ресурстарын сақтау және аграршыларға көмектесу мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» АҚ электр қуатын өндіріп шығаруға арналған қондырғыларды - отандық және шетелдік өндірістердің күн батареялары мен жел қондырғыларын сатып алуға қаржыландырады. Атап айтқанда, компанияның қолдауымен Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы Ащысай поселкесінде аудан үшін бірегей, жел генераторынан және күн батареяларынан тұратын 7 кВт гибридтік жүйенің энергия үнемдегіш кешені орнатылған. «Жел және күн» энергиясының арқасында электр желісінен шалғайда орналасқан, мал шаруашылығымен айналысатын «Гайни» шаруа қожалығы бүгінгі күнде сағатына 10 квт энергия қуатын алатын мүмкіндікке ие болып отыр. Бұл қуат қарамағында 227 бас малы бар шаруашылықтың қажеттіліктерін, соның ішінде су сорғысының жұмысын толығымен қамтамасыз етуге, базаны толығымен жарықтандыруға, теледидардың, тоңазытқыштың және өзге де ұсақ тұрмыстық электр құралдарының жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті. - Бұл қондырғы бізге 10 жыл мерзімге 8 млн. теңгеге түсті, - дейді «Гайни» ШҚ басшысы Айсиев Жасқайрат, - біздің санауымызша, энергия қуатын дизельді отынның көмегімен өндіруден гөрі, бұл әлдеқайда арзанырақ, әрі тиімдірек. Біздің жоспарымызда шаруашылықтың аумағында 1000 бас құсқа жұмыртқа бағытындағы қосымша құс фабрикасын құру мәселесі тұр, негізгі ғимаратының іргесін көтердік, енді азы қалды! Біздің есебіміз бойынша, сағатына 10 квт құс фабрикасын толық жарақтандыруға жеткіліксіз болады. Сонымен бірге, «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аталмыш жоба сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламасына түсті. Бүгінгі таңда 7% мемлекет тарапынан субсидиялауға жатады, яғни, шаруашылық жылдық 12,8 % емес, оның орнына 5,8 % төлейтін болады. Айтып кеткен жөн, бұл энергия үнемдеу бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған бірінші жоба емес. Бүгінгі таңда осыған ұқсас гибридті энергия үнемдегіш жүйелер Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да орнатылған.

Вернуться к списку
;