8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің егін егу және жинау науқандарын қаржыландыруы

01.06.2015 Ұлттық басқарушы холдингі 100,6 млрд.теңге бағыттайды. Бұл көрсеткіш холдингтің өткен жылы осы мақсаттарға жұмсаған қаржысынан 16 пайызға жоғары. Аграрлық шараларды жүргізуді қолдау «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы түрлі қаржылық құраладар арқылы жүзеге асырылады: бидайды форвардтық сатып алу, екінші деңгейлі Банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру, несие серіктестерін несиелендіру, ауыл шаруашылық техникасының лизингі және тағы басқа. Фермерлердің қаржылық құралдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылдағыдай Холдинг ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін ЕДБ қорландыру құралын қолдануда. Бағдарламада қатысушы банктердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскенін – 4-тен 8 дейін атап өткеніміз жөн. Банктер арқылы қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 малрд.теңге сомасын құрайды. Бүгінгі күні соманың 99 пайызы игерілді. Жалпы бүгінгі күні несиелік бағдарламалар арқылы қаржыландыруға 63,6 млрд.теңгеге 6 084 АШТӨ өтінімдері мақұлданды, 61,5 млрд.теңге сомасына 2 996 өтінім қаржыландырылды. Егін егу алқабының жалпы көлемі 6,3 млн.га жерді құрайды, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. «ҚазАгроҚаржы» АҚ көктемгі егіс жұмыстары шеңберінде 8 млрд.теңге сомасына 897 бірлік ауыл шаруашылық техникасын лизингке алуды қаржыландырды. Астық жинау науқанына 8,7 млрд.теңге сомасына 1008 комбайндарды алуға өтінімдер қабылданды, 3,2 млрд.теңге жиынтық сомасына 420 комбайндарға қаржылық лизинг келісім-шарттары жасалды. Бұдан бөлек астық жинау науқанын жүргізуге аграршыларға көмек ретінде отандық өндірістегі комбайндарды жеңілдетілген шарттар бойынша алуға «Егін-2015» бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 7 жыл мерзіміне аванстық төлемді 10 пайыз көлемінде кейінге шегеру арқылы 2015 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартуды көздейді. Осы орайда «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескере отырып сыйақы мөлшерлемесі 6,4 пайызды құрайды. Ауа райы жағдайының қиындау мүмкіндіктерін ескере отыра аталған шаралар бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады. Сонымен қатар «ҚазАгроҚаржы» бидай сақтау сыйымдылықтарын арттыру мақстатында астық сақтау қоймадарының құрылысына және модернизациясына өтінімдерді қабылдауды және қарастыруды жүзеге асыруда. Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингі инвестициялық қоржынында 881 мың тонна астық сақтау бойынша 24 млрд.теңгеге 46 жоба бар екендігін атап өту жөн. Ағымдағы жылы 280 мың тонна астық сақтау қуаттылықтарын іске қосу жоспарлануда. Анықтама: ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

Вернуться к списку
;