8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Fitch «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының «BBB-»/ болжам «Тұрақты» деңгейдегі рейтингін растады

19.05.2015 Fitch Ratings ҚазАгроҚаржының шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингтерін («ҰЭР») «BBB-» деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты» деп хабарлайды Fitch Ratings баспасөз қызметі. ҰЭР, ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг, қолдау рейтингі және ұзақ мерзімді ҰЭР қолдау деңгейі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы компанияға мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейде көрсетілу ықтималдылығы туралы Fitch пікірін қамтып көрсетеді («BBB»/болжам «Тұрақты»). Fitch пікірі, біріншіден, ауыл шаруашылығы компанияларына қаржы лизингін ұсыну және мемлекеттік субсидиялаумен қоса жобалық қаржыландыру, атап айтқанда көлемі жағынан кішігірім және орташа ауыл шаруашылығы кәсіпорындарды қаржыландыру нысанында еліміздің ауыл шаруашылығы секторын дамыту бойынша жүргізілетін саясаттың шеңберінде ҚазАгроҚаржының атқаратын маңызды рөліне негізделген. ҚазАгроҚаржының рейтингтері компанияның мемлекеттен капитал мен борышқорлық қаржыландыру алу тарихын және ҚазАгроҚаржының шағын көлеміне байланысты, әлеуетті қолдаудың ынсапты құнын, қолайлы капиталдандырылуы мен үшінші тараптардың алдындағы шектеулі міндеттемелерін де қамтып көрсетеді. ҚазАгроҚаржының шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді ҰЭР мен Қазақстанның рейтингі («BBB+») арасындағы екі деңгейдегі ағымдағы айырмашылық даму ұйымы ретінде, ҚазАгроҚаржының азырақ маңызды рөлін және Қазақстандағы басқа мемлекеттік ұйымдарға (атап айтқанда, Қазақстанның Даму Банкінің («BBB»/болжам «Тұрақты») қатысты еліміздің экономикасы мен қаржы жүйесі үшін барынша аз маңыздылығын көрсетеді, сондай-ақ ҚазАгроҚаржының жанама мемлекеттік меншікте екені туралы фактіні ескереді, бұл, Fitch пкірі бойынша, қолдаудың уақыттылығына теріс әсерін тигізуі мүмкін, әсіресе, егер еліміздегі тәуелсіз сыңайлы компаниялардың бірталайына қолдау көрсету басымдылығын белгілеу қажет болса. ҚазАгроҚаржының рейтингтері бұрынғыдай түптұлға және еншілес құрылымдардың арасындағы тоғыспалы дефолт талаптарына байланысты, түптұлға топқа арналған компанияның жоғары стратегиялық маңыздылығымен қуатталады. ҚазАгроҚаржы түптұлға компанияның 2013 жылы шығарылған 2 млрд. долларға еврооблигациялары бойынша құжаттамаға сәйкес, «елеулі еншілес құрылым» ретінде бағаланады, өйткені 2014 жылдың соңына ҚазАгроның барлық активтерінің 28% ҚазАгроҚаржының үлесіне тиген. Еврооблигациялар шығарылымы топ активтерінің немесе табыстарының 10% көбі үлесіне тиетін құрылым ретінде анықталатын топтың елеулі еншілес компанияларына сілтеме берілген кросс-дефолт туралы ережені қамтиды. ҚазАгроҚаржы қоржынының өскелеңдігі (2014 ж. 34%-ға) белгілі бір дәрежеде ресейлік рубльге қатысты теңге бағамының көтерілуімен және соған байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторына түсетін қысыммен ішінара себептелген проблемалық активтердің ұлғаюын жуып-шаяды. ҚазАгроҚаржының жұмыс істемейтін несиелері мен лизингі 2013 жылдың аяғындағы 9%-бен салыстырғанда, 2014 жылдың соңына барлық несиелер мен лизингтің 11%-на дейін бірқалыпты өсті, ал қайта құрылымдалған активтер 20%-дан 16% дейін қысқарды. 2014 жылдың соңына резервтер бірқалыпты 74% жұмыс істемейтін несиелер мен лизингті жапқан. Несие тәуекелі белгілі бір дәрежеде ҚазАгроҚаржының көбінесе мемлекет субсидиялайтын бағдарламалардың негізінде жұмыс істейтіндігімен, қарыз алушылармен/лизинг алушылармен борышты өтеуге қызмет көрсетілуін қуаттайтындығымен жуып-шайылады. Компанияның капиталдануы Fitch әдіснамасы бойынша, 2014 жылдың соңына негізгі капиталдың, тәуекелдік ескеріле отырып өлшенген активтерге қатынасы жағдайында жақсы, 44% деңгейінде болып қалды, бұл әлеуетті залалдарды абсорбциялау және/немесе несие қоржынын өсіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Fitch 2014 жылдың соңында тәуекелдік ескеріле отырып өлшенген активтердің 45% құраған мемлекеттің және ҚазАгроҚаржының түптұлға құрылымының борышқорлық қаржыландыруы, қажет болған жағдайда, капиталға ықтимал конверсиялануы мүмкін деп есептейді. ҚазАгроҚаржы қорландырудың негізгі бөлігін ҚазАгродан алады (барлық міндеттемелердің 74%). ҚазАгроҚаржы орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болашақта мемлекеттің ауыл шаруашылығы секторын дамытуға ынталандыру шеңберінде айтарлықтай қосымша қаржыландырудың берілуін күтуде. Компанияның сыртқы борышының жиынтық көлемі 2014 жылдың соңында 105 млн. доллардан тұратын азғантай деңгеймен (міндеттемелердің 12%) шектелген болатын, 2015 жылы оның тек 24 млн. долларының өтелуі күтілуде.

Вернуться к списку
;