8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Егін егу науқанына қарсы «ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлерінен 1145 бірлік техникаға өтінім келіп түсті.

Егін егу науқанына қарсы «ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлерінен 1145 бірлік техникаға өтінім келіп түсті. 29.04.2015 Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на жалпы сомасы 8,2 млрд. астам теңгеге 1145 бірлік техника сатып алуға өтінім келіп түсті. Бүгінгі таңда аграршылармен 3,5 млн. теңгеге 506 бірлік егіс техникасына қаржы лизингі шарты жасалып та қойған, лизингке техника сатып алуға арналған қалған өтінімдер қаралу үстінде. Ағымдағы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы техника сатып алуға тапсырылған өтінімдер санының өсуіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасының іске қосылуы себеп болды. Айналым қаражаттарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға берілетін лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі бағдарламасының талаптарына сәйкес, жылдық 7%-ға төмендейді. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы техникасының және арнаулы техниканың лизингі бойынша мөлшерлеме «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында, субсидиялануын есепке алғанда, 13,4% орнына 6,4% құрайды. Назарларыңызға, 2014 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін, жоспар бойынша 10,6 млрд. теңге болса, «ҚазАгроҚржы» АҚ сомасы 11,2 млрд. теңгеге 1 167 бірл. техника сатып алуды қаржыландырды. 2015 жылы көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде жалпы сомасы 105 млрд, теңгеге жуық сомаға кемінде 1000 бірлік техника табысталады деп жоспарланып отыр. Тракторлар мен тұқым сепкіштерден басқа, «кеңінен таралған» техникалардың ішінде тырма, кун, соқа, пішен тайлауыш, қопсытқыш, дестелегіш сияқты техника түрлері де бар. Диқаншылар көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде сатып алатын техникалардың көпшілігі қазақстандық өндірістің, атап айтқанда, кеңінен таралған үлгілердің бірі, Семейдің «СемАЗ» автоқұрастыру зауытында жасалған «Белорус» тракторлары екенін айтып кетуге тұрарлық. Өз кезегінде, техникаға қажетті аспалы жабдықтар АҚШ-тан ғана емес, сонымен бірге Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан және т.б. елдерден сатылып алынады. Тұтас алып қарағанда, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің компаниялар тобы 2015 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге барлық қаржыландыру көздері есебінен 97 млрд. астам теңге қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл соманың шеңберінде «ҚазАгро» республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кейін қаржыландыру үшін бюджеттік несиелендіру есебінен егіс науқанын жүргізуге 34 млрд. астам теңгеге екінші деңгейлі банктерді қорландырмақ.

Вернуться к списку
;