8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ОҚО-да жетінші өнеркәсіптік жылыжай іске қосылды.

13.04.2015 Шымкентті шынында да Қазақстанның «жылыжайлар астанасы» деп те атауға болады. Бүгінгі таңда тек «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ғана жалпы алаңы 24 га ірі өнеркәсіптік жылыжай қаржыландырылып, іске қосылған. Алайда Оңтүстік Қазақстанның агробизнесі осы қол жеткен жетістіктермен тоқталмайды. Оңтүстік Қазақстанның агробизнесі осы қол жеткен жетістіктермен тоқталмайды. Ағымдағы жылы тек «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ғана Оңтүстік Қазақстанда жалпы жобалық қуаты 6 га астам тағы да үш өнеркәсіптік жылыжайдың іске қосылуы жоспарланып отыр. Сөз орайына қарай айта кетсек, үш жаңа жылыжайдың бірі – «ҚазАгроном» ЖШС жылыжайы ендігі іске қосылған, әрі республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарының нарықтарына жыл сайын 531 тонна қияр мен 756 тонна қызанақ жеткізіп тұруға әзір. Жобаның жалпы құны - 1 млрд. теңгеден асады, жылыжай кешенінің алаңы – 3 га. Қазіргі заманғы жылыжайда Италияның озық өнеркәсіптік жабдығы орнатылған. Алайда оны тұрғызу кезінде және жылыту жабдығына монтаж жасау кезінде отандық өндірістің де материалдары пайдаланылды. Тұтас алғанда, көкністер жылыжайда аз көлемді гидропоника технологиясы қолданыла отырып, субстрат негізінде өсіріледі, бұл жылына екі рет – ақпан айынан маусымға дейін және тамыз айынан желтоқсанға дейін өнім алуға мүмкіндік береді. «ҚазАгроном» жылыжайында тұқым себу жұмысы ағымдағы жылдың қаңтар айында жүзеге асырылып та қойғанын айтып кеткен жөн. Бүгінгі күні жылыжай аймақтың азық-түлік нарықтарында ойдағыдай өтіп жатқан өзінің алғашқы өнімімен мақтануға әзір. Назарларыңызға, тұтас алғанда, республика бойынша, «Жылыжай кешендерінің желісін құру» инвестициялық бағыты шеңберінде сомасы 36,9 млрд. теңгеден аса сомаға жалпы алаңы 94 га артық 26 жылыжай кешені қаржыландыруға мақұлданған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауының арқасында тұрғызылған жылыжайлар еліміздің нарықтарына жыл сайын 48 000 тоннадан артық жаңа піскен көкөніс өнімдерін жеткізіп тұруға әзір екенін айтып кету қажет.

Вернуться к списку
;