8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Назар салыңыз, алаяқтар!

Назар салыңыз, алаяқтар! 02.04.2015 Назар салыңыз, алаяқтар! Соңғы уақытта өздерін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлері деп таныстырып, қарыз алу үшін құжаттарды ресімдеуге көмектерін ұсынатын үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері тіркелгендігін назарларыңызға жеткіземіз. Сіздерден алаяқтардың қасақана жасаған арандатушылық әрекеттеріне ермеуді сұраймыз! «ҚазАгроҚаржы» АҚ құжаттарды жинау, қабылдау және өңдеу жұмыстарын тек облыс орталықтарындағы және Қазақстанның ірі қалаларындағы өзінің ресми өкілдіктерінде – «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарында, сондай-ақ Астана қаласындағы Орталық Аппаратында ғана жүргізетінін ресми түрде мәлімдейді. Сіздерден қырағылық көрсетіп, алаяқтардың жетегінде кетпей, сақ болғандарыңызды сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан бойынша филиалдарына барыңыздар, сондай-ақ біздің www.kaf.kz. ресми сайтымызда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау соғыңыздар.

Вернуться к списку
;