8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгро» Холдингі Қазақстандағы 26 құс фабрикаларын қаржыландырды

05.03.2015 2010 жылдан бері Қазақстанның құс шаруашылығы саласында отандық құс фабрикалары өндірісінің өсу қарқыны 136,4 пайызды құрады. Саланың даму қарқынына «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық жобаларды қаржылық қолдауы оң әсерін тигізді, деп Қазақстанның құс өсірушілер Одағының президенті Руслан Шарипов мәлімдеді. Қоғамдық бірлестік басшысының сөзіне сәйкес 2010 жылы елімізде ет бағытындағы 12 құс фабрикасы болған, қазіргі уақытта 19 фабрика жұмыс істеуде. Бүгінгі күні құс шаруашылығы Қазақстанда мал шаруашылығындағы ең дамығын салалардың бірі болып табылады. Саланың дамуы туралы құс өсірушілер Одағының басшысы өз пікірін Алматы облысындағы ет бағытындағы «Сары-Бұлақ» ЖШС жаңа құс фабрикасында республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған кездесу барысында айтты. Жуырда айтылғандай, 20 мың тонна құс етін шығару қуаттылығы бар жоғары технологиялы құс фабрикасы алғашқы 10 мың тонна өнімін шығарды және республиканың аймақтарына, сонымен қатар кқршілес Ресейдің Омск, Новосибирск қалаларына жеткізуін бастады. Алғашқы кезеңдегі жобаның жалпы құны 7,4 млрд.теңгені құраған кәсіпорын «ҚазАгро» арқылы қаржыландырылған. Компанияның құс фабрикаларында бүгінгі күні 550 адам жұмыспен қамтылған, сонымен қатар кәсіпорын өндіріске түрлі жем түрлерін жеткізетін /бидай, соя, күнбағыс және т.б/ 60-тан астам фермерлік шаруашылықтарды жұмыспен қамтиды. Жалпы бүгінгі күні Қазақстанның АӨК саласында «ҚазАгро» қаржылық институттары арқылы ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларының құрылысымен байланысты 26 жоба қаржыландырылды, оның жиынтық өнімділігі – 85 мың тонна құс еті және 654,1 млн. жұмыртқа. Жалпы қаржыландыру сомасы – 30,2 млрд.теңге. «ҚазАгроҚаржы» АҚ холдингтің ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты бағдарламаларды жүзеге асырушы оператор болып табылады. ҚР АШМ мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта республикада өндірістік құс шаруашылығымен 56 құс фабрикасы айналысады, оның 37 – жұмыртқа бағытында және 19 бройлер бағытында. Қазақстанда өнідірістік құс шаруашылығы мал шаруашылығы саласындағы едәуір дамыған саланың бірі болып келеді. 2014 жылы барлық санаттағы құс басы 3,0%-ға өсіп, 35 181,9 мың басты құрады, құс фабрикаларындағы құс санының өсуі – 6,5% болып, 22 821,8 мың басты құрады. 2015 жылдың басындағы мәліметтер бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық қоржынында 309,1 млрд.теңге сомасына 477 инвестициялық жоба бар. Оның 221,4 млрд.теңге сомасына 365 жоба іске қосылды, соның ішінде 2014 жылы – 73 инвестициялық жоба. Холдингтің ақпаратына сәйкес 2015 жылы 50 млрд.теңге сомасын құрайтын 75 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Вернуться к списку
;