8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Online EXPO- 2017» инновациялық жобалардың халықаралық конкурсы жарияланды

 «Online EXPO- 2017» инновациялық жобалардың халықаралық конкурсы жарияланды 04.02.2015 Астана, www.online-expo2017.com – Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу Қазақстанның басты жобаларының бірі болып табылады. Осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыру бастамасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевқа тиесілі. EXPO дайындық кезінде алғаш рет «Online EXPO- 2017» халықаралық конкурсын ұйымдастыруға бастамашылық етілді, ол көрме басталғанға дейін жыл сайын өткізілетін болады. Оның қорытындысы бойынша ең озық жобалар EXPO – 2017 алаңында көрсетілу құқығына ие болады. Конкурсты өткізу шеңберінде 2014 жылдың 10 қарашасынан бастап www.online-expo2017.com сайтында алаң ашылды, оған кез келген тілек білдіруші қатыса алады. Сонымен қатар, пайдаланушыларда сарапшы ретінде қатысудың бірегей мүмкіндігі бар. Конкурс өткізудің мақсаты – энергия және ресурс үнемдеу принциптерінде климатты өзгерту, «Болашақ энергиясы» жаңа әзірлемелерді енгізу жағдайларында елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін аса перспективалы инновациялар мен технологияларды анықтау. Конкурстың міндеттері мынадай: - перспективалық инновациялардың, энергия және ресур үнемдеу технологияларының, технология трансфертінің озық практикаларының, «Болашақ энергиясы» әзірлемесінің және экожүйелік қызметтің ақпараттық ресурстарын құру; - сарапшылардың, халықаралық және ұлттық конкурстар мен көрмелердің жүлдегерлерінің, қаржы институттарының, қорлар мен даму институттарының, әлеуетті инвесторлардың, демеушілердің, инновацияның ақпараттық порталының, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтер базасын құру; Инновациялық жобалардың конкурсы 5 тақырыптық бағыт бойынша өткізіледі: - қайта жаңартылған және баламалы энергия көздері; - дәстүрлі энергетикадағы таза технологиялар (энергияларды, көмірді, көмірсутектерін, шахта метанын, мұнай өндірудегі ілеспелі газдарды және басқаларды шоғырландыру және тасымалдау); - энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу; - «жасыл» химия және композициялық экологиялық материалдар, қоқыстарды (қатты, сұйық, салмасыз жеңіл) және СО2 пайдаға асыру; - климаттың өзгеруіне бейімделген, СО2 сіңіруге және метан тастандыларын азайтуға, сондай-ақ тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін органикалық ауыл шаруашылығы.

Вернуться к списку
;