8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанда сүттің өнеркәсіптік өндірісі қарқын ала түсуде

Қазақстанда сүттің өнеркәсіптік өндірісі қарқын ала түсуде 16.01.2015 Алматы облысында 780 бас ІҚМ ұстауға шамаланған «Медеу коммерц» ЖШС жаңа ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылды. Жобалық қуатына шыққан соң, мұнда жылына 6000 мың литр тауарлы сүт өндіру жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті сүт өндірмейді. Қазіргі заманауи технологиялар бойынша тұрғызылған: өте сүтті асыл тұқымды малы көп, малды байламай ұстайтын және сүтті өнеркәсіптік өндіретін ірі тауарлы сүт фермаларын (ТСФ) құру арқылы сүтті өнеркәсіптік өндіруді дамыту мәселесін шешу. Тек осындай тәсілдеме ғана сүтті жыл бойы бір қалыпты өндіруге мүмкіндік беретін болады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ жеңілдікті талаптарда қаржыландыру ұсына отырып, осындай фермаларды құруға ынталандырады. Қазіргі заман талабына сай қазақстандық ТСФ бірі – Алматы облысындағы «Медеу коммерц» ЖШС. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 3 602 млн. теңге құрайды. Оның ішіндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ салған қаражаты 2 995 млн. теңге (83%), қарыз алушының меншікті өз қаражаты - 607 млн. теңге (17%). Жоба бойынша лизингке голштино-фриз тұқымының 780 бас ІҚМ, мал ұстауға және сүтті қайта өңдеуге арналған технологиялық жабдық сатылып алынған, бұзау қорасымен бірге сиыр қоралар мен көмекші қора-жайлар тұрғызылған, сондай-ақ жемшөп өндірісіне керекті ауыл шаруашылығы техникасы сатылып алынған. «Медеу коммерц» ЖШС келесідей мемлекеттік қолдау шараларын алды: • асыл тұқымды аналық малдар ұстауды, жемшөп қоспалары мен ветеринариялық дәрі-дәрімектерді субсидиялау бойынша; • құрама жемдер мен сүтті субсидиялау бойынша; • жемшөп өндірісін субсидиялау бойынша; • инвестициялық субсидиялар • тамақ өнеркәсібінің қайта өңдеу кәсіпорындары үшін салық жеңілдіктері (пұрсаттылықтар). Қазіргі сәтте ТСФ 2013 жылдың желтоқсан айында әкелінген 200 бас малдан тұратын бірінші партиясынан сүт алуда. 2014 жылдың желтоқсан айында келіп жеткен 580 бас малдан тұратын екінші партиясы биылғы жыл ішінде бірқалыпты бұзаулай бастайды. Малдарды ІҚМ ұстау саласындағы жоғары білікті мамандар Голландия және Канада мамандарының берген кеңестері бойынша бағып күтеді. «Медеу Коммерц» ЖШС-де сүт өндірісінің аяқталған циклі құрылған: фермадан басқа, мұнда алаңы 2000 га жемшөп алқабы мен сүтті қайта өңдеу цехы бар. «ҚазАгроҚаржы» АҚ тауарлы сүт өндірісі саласында барлығы жалпы сомасы 38 млрд. артық теңгеге 33 жобаны мақұлдады, оның ішіндегі компанияның қаржыландыру үлесі 27 жарым млрд. теңгені құрайды. Тауарлы-сүт фермаларының жиынтық жобалық қуаты шамамен жылына 150 мың тонна сүт.

Вернуться к списку
;