8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Бек+» тауарлы-сүт фермасы

«Бек+»  тауарлы-сүт фермасы 18.12.2014 Қостанай облысындағы «Бек+» тауарлы-сүт фермасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруымен Америкадан сүт бағытындағы ірі қара малдың ақырғы партиясын әкеліп, бүгінгі таңда толық қуатына шығу графигінен алға озып кетті. Соңғы технология бойынша жабдықталған құны 3 жарым миллиард теңгеге жуық тауарлы-сүт фермасының «нөлден басталған» құрылысының жобасы «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен қаржыландырылған болатын. Қазақстанның агроинвестнарығындағы негізгі қаржы операторының үлесі шамамен 2 млрд. 700 млн. теңгені құрады. Қаражат жылдық 6 %-бен ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген. «Бек+» тауарлы-сүт фермасы 1200 бас малға көзделген. Мұнда голштинфриз тұқымын таңдап алды, өйткені дәл осы тұқым өнімділігі жағынан әлемдік лидер болып табылады. Биыл агроқұрылым Америка Құрама Штаттарынан ірі қара малдың 293 бастан тұратын үшінші, ақырғы партиясын алды. Агрокәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 7000 тоннадан артық сүт өндіру. Жоспар бойынша, ағымдағы жылы ферма 2200 тонна сүт көрсеткішіне шығуға тиісті еді, алайда 1 қазандағы жағдай бойынша мұнда ендігі 2785 тонна сүт сауып та қойды, сөйтіп, жобалық қуатқа шығу жоспарын оза орындап шықты, жинап келгенде ол 169 % құрады. Тауарлы-сүт фермаларын тұрғызу және модернизациялау «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басым қаржыландыру бағыты болып саналатынын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда компания тауарлы сүт өндірісі саласында жалпы сомасы 38 млрд. теңгеге 33 жобаны мақұлдады, оның ішіндегі компанияның қаржыландыру үлесі 27 жарым млрд. теңгені құрайды. Тауарлы-сүт фермаларының жиынтық жобалық қуаты - жылына шамамен 150 мың тонна сүт өндіру.

Вернуться к списку
;