8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Алатау құс» құс фабрикасы екінші даму кезеңіне шықты

Алатау құс» құс фабрикасы екінші даму кезеңіне шықты 10.11.2014 «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы компания – «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырған "Алатау Құс" ЖШС құс фабрикасы (Алматы облысы) 18 000 тонна құс етін өндіру қуатына шықты. Қолданыстағы құс фабрикасын жаңғырту бойынша жобаны 2 млрд. артық теңге сомасына «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырған болатын, бұл жоба құнының 80% құрайды. Қаражат ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген. Фабрикада жаңа өндірістік желілер енгізілген, құс басы жаңартылды, қолданыстағы құс қоралары, инкубаторлар қайта тұрғызылды, құс етін қайта өңдеу бойынша шұжық цехы іске қосылды. 2012 жылы кәсіпорын толық жобалық қуатына шықты және бүгінгі таңда орташа есеппен 18 000 тоннаға дейін қоңды тауық етін өндіреді. Мұнда 862 адам жұмыс істейді. Қазақстанның ет нарығының көпшілік бөлігі, құны жағынан да, өткізілетін өнім көлемі жағынан да – құс еті секторы екенін айта кету керек. Дәл осында отандық өндірушілер мен шеттен тауар әкелушілердің арасында шиеленіскен бәсекелестік өрістеген. Алайда қазақстандық құс етін өндірушілер соңғы бірнеше жылдар бойы төменгі старттан нарықтың 40% дейінгісін ұтып алды. Бұл нәтижеге 18,4 млрд. теңгеге ет бағытындағы сегіз құс фабрикасын қаржыландырған ҚазАгроҚаржының арқасында қол жетті. Олардың жиынтық жобалық қуаты – жылына 71,5 мың тонна ет – бұл етті құс шаруашылығының қазіргі барлық республикалық қуатының жартсына жуығы. Қостанайдағы “Комсомольская птицефабрика” ЖШС, Өскемен құс фабрикасы, еліміздің оңтүстік аймақтарындағы «Ордабасы Құс» және «Алатау-Құс» сияқты компаниялар еліміздің түрлі аймақтарындағы КАФ-тың клиенттері болып қалған. Тұтас алғанда, қолданыстағы құс фабрикаларын тұрғызу және жаңғырту «ҚазАгроҚаржы» АҚ басымды қаржыландыру бағыты болып табылады. Бүгінгі таңда компания 24,5 млрд. теңгеге ет және жұмыртқа бағытындағы 20 құс фабрикасын қаржыландырды. Жалпы «Қазагро» холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы құны 298,6 млрд. теңгеге (14,7 мың жұмыс орнының құрылуымен) 464 жоба бар, жалпы құны 207,5 млрд. теңгеге (11,5 мың жұмыс орнының құрылуымен) 348 жоба немесе 75% іске қосылған, оның 213 жобасы жобалық қуатқа 70%-ға және одан да жоғары пайызға шықты. Холдингтің инвестициялық жобаларының іске асырылуы құс етін тұтынудағы импорт үлесін 21%-ға, сүт және сүт өнімдері импортының үлесін 6%-ға және соған сәйкес, жеміс-көкөніс өнімдері импортының үлесін 5%-ға төмендетуге мүмкіндік беретін болады.

Вернуться к списку
;