8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қызыл балық, қара уылдырық – Атырауда бекіре балығын өсіреді.

Қызыл балық, қара уылдырық – Атырауда бекіре балығын өсіреді. 04.11.2014 «Caspian Royal Fish» ЖШС (Атырау облысы) сумен жабдықтаудың тұйық айналу жүйесінде бекіре тұқымдас тауарлы балық өсіру және тағамдық бекіре уылдырығын алу бойынша балық өсіретін кешен 15 000 шабақ пен 60 бас аналық балық әкелді. Жобаның жалпы құны 1 164 млн. теңге. Оның 789 млн. теңгесі – «Caspian Royal Fish» ЖШС меншікті өз қаражаты, қалған 375 млн. теңгесін «ҚазАгроҚаржы» АҚ жылдық 8,5% талаптарында бөліп берді. Кешен басшылығы сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламасына қатысатын ойы бар. Олай болса, мемл.субсидия көлемі 7 пайызды құрайды, қортындылай келгенде, жылдық ставкасы 1,5 % деңгейінде қалады. Балық өсіру кешені фин технологиясы бойынша жабдықталған, жабдық жеткізушісі - JCS «Finnelma Engineering». Мұнда уылдырықтың көлемін жылына 1000 кг дейін, балық етін 50 000 кг деген жеткізуді жоспарлап отыр. Кешеннің іске қосылуының арқасында 25 жұмыс орыны құрылды. Бекіре тұқымдас балықтар әрдайым деликатес болып саналған, дәл осы тұқымдас балықтан қара уылдырық алады. Бекіре – қымбат балық, қазір оның рыноктағы бағасы килограмы 3000 теңгеден басталады. Сондықтан бекіре өсіру, технология мен балық ұстау талаптарын сақтаған жағдайда, пайдалы жоба. Сумен жабдықтаудың тұйық айналу қондырғысының арқасында (СТҚ) бекіре тұқымдас балықтарды өсіру аймақтың ауар райы жағдайларына және жыл мезгіліне тәуелді болмайды. (СТҚ) оттегі келу үшін қосылған, суды фильтрлеу және айналдыру жүйесі бар бассейн болып табылады. Оның көмегімен судың температурасы мен оның оттегімен қанықтық дәрежесін қалыпты күйге келтіруге болады, бұл, мысалы, балықтың жылына бірнеше рет уылдырық шашуына мүмкіндік береді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2014 жылы барлығы бекіре тұқымдас балық өсіру бойынша екі жобаны қаржыландырды - «Caspian Royal Fish» ЖШС (Атырау обл. ) және "Луговской конный завод" ЖШС (Жамбыл обл.). Үш жоба мақұлданды: "OstFish" ЖШС (Шығыс Қазақстан обл.) жылына 4 тонна уылдырық және 45 тонна балық етін өндіру бойынша; "УК ПрудХоз" ЖШС (Шығыс Қазақстан обл.), 26,8 тонна тұқы тұқымдас балық, 14,6 тонна бекіре тұқымдас балық, 0,4 тонна бекіре уылдырығын, 9 000 дана сиг тұқымдас балығын өсіру бойынша, "Шагала-Атырау" ЖШС (Атырау обл.) 90 тонна балық өнімдерін өндіру бойынша.

Вернуться к списку
;