8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстандағы ең ірі репродуктор малдың жаңа партиясын әкелді

Қазақстандағы ең ірі репродуктор малдың жаңа партиясын әкелді 27.10.2014 Алматы облысындағы «Архарлы Майбүйрек» ЖШС асыл тұқымды репродукторы жаңа кезеңге шықты – биылғы жылы Автралиядан мұнда ангус и герефорд тұқымдарының 2795 бас ІҚМ жеткізілді. Қолдағы бар малдарын бірге есепке алғанда, шаруашылықта небары 5895 бас асыл тұқымды мал бар. Осыған қарағанда, республикадағы мал саны бойынша репродуктор алғашқы орындардың бірін алады деп айтуға болады. Инвестициялық жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырды. 4 пайызбен 2 млрд 432 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда шаруашылықта герефорд тұқымының 1390 бас малы тұр, қалғаны – қызыл және қара ангус сиырлары. «Біз тек осы тұқымдарды ғана таңдап алдық, өйткені олар барлық көрсеткіштері бойынша: жеңіл бұзаулауына, өз төлінен өсіп-өнуіне, ет сипаттамасына қарай дүниежүзіндегі лидер болып табылады» - дейді «Архарлы Майбүйрек» ЖШС директоры Ермек Майқынов. Австралиядан әкелінген малдың алғашқы партиясы өткен жылдың қыркүйек айында ұшақпен жеткізілген. Сиырлар қыстың суығына ойдағыдай төзіп шығып, біздің елдің табиғаттық-климаттық жағдайлары оларды ұстауға қолайлы болатынын дәлелдеді. «Архарлы Майбүйрек» ЖШС малды жыл бойы жайылымдық жерде баялаусыз ұстайтын «суық» тәсілді таңдап алды. Сол себепті мұнда құрылысқа барынша аз қаржы жұмсап, негізінен жемшөпке үміт артады. Қазіргі таңда мұнда жемшөптің 80 пайызы қысқа дайындалған. Шаруашылық құдықтар жасаумен айналысып, қолдағы бар жайылым жерлерін игеруде, жайылымдық жерлерінің жалпы алаңы 46 мың гектар. Шаруашылық асыл тұқымды еркек тайыншаларды сату арқылы жергілікті мал түрін тұқымдық өзгерту үшін асыл тұқымды малдың санын 10 мыңға дейін жеткізуді өзіне мақсат етіп отыр. Айтпақшы, жергілікті шаруа қожалықтары қазірден бастап-ақ еркек тайыншаларды сатып алуға қызығушылықтарын білдіруде. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2011-2014 жылдары бар болғаны 36 549 бас ІҚМ әкелді, оның ішіндегі ет бағытындағы малдың саны 31 353 бас (импорт - 30 185, қазақстандық -1 168). Қызметінің барлық кезеңі ішінде 72 асыл тұқымды шаруашылық – репродукторды қаржыландырып, іске қосты. Шамамен 12 мың бас асыл тұқымды төл алынды. 2014 жылы 6 438 бас ІҚМ немесе жоспардан 81% (7 939 бас) әкелінді: оның ішіндегі етті малдың саны — 5 681 бас (импорт – 5364, қазақстандық - 317).

Вернуться к списку
;