8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Азық-түлік қоры

Азық-түлік қоры 15.10.2014 Шымкентте қайырымдылық акциясын жүргізуге ынтагерлік білдірген «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының қызметкерлері «Игі істер үшін әрдайым уақыт бар» - деген уәжді басшылыққа алған. Акция «Шұғыла» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған болатын. Осы іс-шараның барысында компания қызметкерлері қаражат жинап, Шымкент қаласындағы мұқтаж жанұяларға арнап азық-түлік қоржынын сатып алды. «Шұғыла» қорының қызметкерлері жанұялардың тізімін құруға көмектесті. Барлығы Шымкент қаласының Абай ауданында 16 жанұя мен жатахана тұрғындары көмек алды. Қоржынға әрбір жанұяға ең қажетті тауарлар енді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиал директорының орынбасары Фурхат Міркәрімовтың айтуынша, «қоржынға ұн, көкөністер, жемістер, жармалар сияқты азық-түліктер, бакалея тауарлары, сабын, тағы да басқа жуғыш заттар кірді». Бір қоржындағы тауарлар орташа жанұяға екі айға жетуге тиісті. Көмек алған адамдар «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткізген акциясына үлкен ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, көмек ойламаған жерден, бірақ орынды болды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлерінен басқа, көмекке шақыруға Оңтүстік Қазақстан облысының қарыз алушылары да үн қатты. Олар: Agro Miller group ЖШС, Grainprom ЖШС, Береке плюс kz ЖШС, Тілеуберды МТС ӨК, Береке ШҚ, Байтүгел ӨК, Тұран ШҚ, Әділет-5 ӨК, Аманкелді ЖШС, Бекболат ЖШС. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының қызметкерлері алдағы уақытта да осындай акцияларды ұйымдастыруға ниет білдірді.

Вернуться к списку
;