8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгро» несиелеу үшін құжаттар жинау рәсімдерін жеңілдетеді

«ҚазАгро» несиелеу үшін құжаттар жинау рәсімдерін жеңілдетеді 22.09.2014 «ҚазАгро» ұлттық холдингі Электрондық ақпаратты жүйені тәжірибелік пайдалану үшін іске қосады, ол шаруаларға несиелеу рәсімдерін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Холдингте атап өткендей, бұл жаңа енгізілімнің арқасында әлеуетті қарыз алушы еншілес компаниялардың кеңселеріне баруды қажет етпей-ақ қаржыландыруға өтінім беру мүмкіндігін алады. «ҚазАгро» енгізетін Жүйе аграрларды облыс орталықтарына керексіз барудан арылтуға тиіс, осы ретте уақыт және қаржы шығындары біршама қысқартылады. Бұл үшін тек қана интернет желісіне қосылған компьютер мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. «ҚазАгроның» www.credit.kazagro.kz интернет-порталында қол жетімді несие өтінімдерін жинау және өңдеудің жаңа жүйесі алғашқы кезеңінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қызмет «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие бағдарламаларының барлық түрлеріне де қолжетімді болады. Электрондық форматтағы несие өтінімін беру процессі мынадай кезеңдерден тұратын болады: «ҚазАгро» ұлттық холдингінің интернет-порталындағы клиент электрондық өтінімді толтырады, бұл ретте құжаттардың бөлігі электрондық үкімет порталынан автоматтық режимде жүктеледі, ал автоматтандырылмаған құжаттар пайдаланушының компьютерінен жүктеледі және ЭЦҚ қол қойылады. Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін қалыптастырылған электрондық несие өтінімі тиісті еншілес ұйымға түседі. Несие өтінімдерін қарастыру нәтижесін қарыз алушы холдингтің порталындағы жеке кабинетінен бақылай алады. Бұдан басқа, клиент «онлайн-режимде» несие менеджеріне хабарлама жібере алады, қажет болған жағдайда несие өтінімдерін құжаттармен толықтыра алады. Электрондық жүйені енгізу «ҚазАгроның» мамандарына ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қатысуынсыз құжаттарды алуды автоматтандыруға мүмкіндік береді, жобаларды қарастыру мерзімін қысқартады, аграрларды «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетуге көшуді жүзеге асырады және қарыз алушының құжаттарды жинауға кететін уақыты мен қаржы шығындарын қысқартады. Анықтама: ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

Вернуться к списку
;