8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ҚазАгроҚаржының проблемалық жобаларының «екінші тынысы»

ҚазАгроҚаржының проблемалық жобаларының «екінші тынысы» 11.09.2014 «Аграрлық бизнесті несиелендірудің проблемасы» - сірә, бұл сөздерді осы саламен қалай да болсын бір байланысы бар кез келген адам естіген болар. Әрине, жеке меншікті қаржы құрылымдары ауыл тұрғындарын несиелендіру сияқты тәуекелге бара алмайды, солай бола тұрса да, егер дұрыстап ойланып көрсек: ауыл еңбеккерінен жауаптырақ адамды табу қиын. Бәрінен бұрын, банктерге бұл жөнінде мәлім және қарамағында іс жүзінде тексерілген 30 жігіттен тұратын ұжымы және меншігінде 3 мың гектар құнарлы жері бар, сондай-ақ егіс кешендерінен, астық қабылдау орнынан, шетелдің қоңыр сиырлары орналасқан жаңа фермадан тұратын бизнесін еуропаша қалыптастыруға ынтызар, агрономдық білімі бар орташа статистикалы Алтынбек Ниязханұлына сенгісі келеді. Дегенмен, банкирлер біздің Алтынбекте кепілдік болғанын қалайтыны сөзсіз... Басты кепілгер әрі қамқоршы Бұл жерде жұмыстың бәрі кепілдіктік мүлікке тіреліп қана тұрған да жоқ – Алтынбектің өзі биылғы жылдың күзінде жоғары өнім алатынына кепілдік бере ала ма, Ал келесі жылы же? Үш жылдан кейін, не болмаса бес жылдан кейін ше? Шынында да, ауылға тағайындалған ақша – бұл ұзын ақша екені ешкімге де құпия емес қой. Міне, осыдан барып, қаладағы өмір жөнінде ешқашан ойланбаған Алтынбек лайықты кепілдікке ие болу үшін, қаладан пәтер сатып алуға, жылдар бойы банктегі беделін маңдай терімен ақтауға мәжбүр болады, алайда, төлеу мерзімін сәл кешіктірсе болғаны - бәрі де бірден жоққа шығады. Егер бір ақиқат болмаса, жағдай лажсыз болып көрінер еді: үкімет еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінен зор әлеует көреді. Қазақстан өзінің жер ресурстарымен, ауыл шаруашылығын жүргізудегі мол дәстүрлерімен Орталық Азия өңірін асырайтын мемлекетке айналуға тиісті деген пікір қашанда Елбасының бағдарламалық сөздерінің ұзына бойына арқау болып өтіп отырады. Ел басшысының мұндай бағыты фермерліктің тек аяққа тұруына ғана емес, сонымен қатар ауылдық жердегі өндірісті батыстың жоғары өнімділік стандарттарының деңгейіне дейін жеткізуіне мүмкіндік береді. Шын мәнісінде де, ауылдық жерлердегі бизнес тек мемлекеттік институттардың қамқорлығында қалып отыр. Мұның бәрі: мемлекеттің саланы одан әрі дамытуға деген ниеті, фермерлердің одан әрі дами беруге деген өз ықыластары – еншілес ұйымдарымен бірге «ҚазАгро» ұлттық холдингі сияқты құрылымға келіп құйылды. Бір жағынан – қаржы институты ретінде тәуелсіздігі, екінші жағынан – жұмысты ұйымдастырудың мемлекет тарапынан бақылануы. Бұл құрылымның құрылуы ендігі жағымды нәтижеге қол жеткізген – ҚазАгро желісі бойынша берілген несиелердің қайтарымдылық деңгейі ЕДБ-ге қарағанда, едәуір жоғары. Бұл феноменді біз бірнеше рет зерттегенбіз. «ҚазАгро» компаниясының еншілес ұйымдарының бірі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның (КАФ) қаржылық қызметі туралы алынған ақпарат - осы тақырып бойынша тағы да бір әңгіме қозғауға себеп болды. Борыштың қызығы - өтеу Бұл сөз жолдарының иесі 14 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан мерзім ішінде КАФ ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 400 млрд. теңгеге қолдау көрсеткеніне қайран қалды. Проблемалық борыштарды қайтару бойынша жұмыс қаншалықты тиімді жүріп жатыр? Мұны түсінуімізге, әдеттегідей, цифрлар көмектеседі. Бұл жерде, әрине, «істің нәтижесі аяқталғанда көрінетін» аграрлық сектордың ерекшелігіне сілтеме жасау керек, яғни борыштар бойынша негізгі төлемдер егін жиналғаннан кейінгі кезеңге келеді. Соңғы екі жылдың ұқсас көрсеткіштерін алайық. Оқырмандарды миллиардты сомалармен жүктемей-ақ қояйын, пайыздық арақатынаспен-ақ амалдай тұрайық. Осылай, өткен жылдың бірінші жартыжылдығына проблемалық жобалардың саны КАФтың жалпы несие қоржынының 12,3% құрап, жылдың соңына қарай 8,5% дейін төмендеген. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш жартыжылдық қортынды бойынша 9,6% құрады, яғни беталысын басшылыққа алып, алдағы егін жинау науқанына деген оптимистік болжамдарды ескере келсек, ҚазАгроҚаржы 2014 жылдың соңына дейін проблемалық жобалар үлесінің айтарлықтай төмендеуін сеніммен күтуде. Көзделген мақсат жұмсалған қаржыны ақтайды Әрине, КАФ қызметкерлерінің «қасақана» борышқорлармен жүргізетін жұмысына салатын күш-қуаты мен биылғы жылдың мол өнімі болжалды нәтиже береді, алайда «борышты жабу» және әдемі сандарды көрсету - Қоғамның басты мақсаты емес. Бірінші міндет – дер кезінде сенім жүктелген және адамдар еңбек ететін кәсіпорын, инвестжоба жұмыс істеп, мүмкіндігінше, өзінің көздеген бағдарын сақтап қалуға тиісті. Осындай әлеуметті бағдарланған саясаттың айқын мысалы - «Атамекенрыбпром» ЖШС, ол жөнінде де біз бұрын жазғанбыз. Кеудемсоқ жоба, үлкен үміт, экспортқа бағдар, Еуропа нарықтарында сұраныстағы қымбат өнім… Алайда, идеясы бір жерде бағытынан жаңылысты. Не төлем мерзімдерінің ұзартылуы, не борыш құрылымының қайта қаралуы көмектеспеді. Қаржыландырыла бастаған сәттен бастап 5 жыл бойы «Атамекенрыбпром» ЖШС бірде-бір төлем жасамағандықтан, ақшаны қайтаруға болмайтынына көз жеткен соң, шығынның есесін несие қаражаты жұмсалған кепілдік затымен, яғни зауыттың өзімен қайтару жөнінде шешім қабылданған болатын. 2013 жылы бүкіл заңдық нормалар сақтала отырып, осы шешім жүзеге асырылды. Бірақ зауыт – бір қап картоп емес, оған сатып алушыны тез таба алмайсың. 2013 жылы Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе отырып, Арал қаласындағы бұрыннан тұрып қалған балықты қайта өңдеу зауытының қызметі жандандырылды. Зауыттағы өндірістік қызметті қалпына келтіру барысында 120 жұмыс орны, соның ішінде балық аулау және зауытқа шикізат жеткізу кезеңдеріне жұмылдырылған жұмыс орындары сақталып қалды. Сөйтіп, аймақтағы әлеуметтік шиеленіс мәселесі едәуір азайып, балық аулау саласының шапшаң дамуына түрткі болды, соның нәтижесінде, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының басшылығымен белсенді ынтымақтастықта кейін жабдығын «ТеректiМайКомбинаты» ЖШС сатып алатындай етіп, ұзақ мерзімді жалға беру арқылы Орал қаласындағы күнбағыс майын өндіру зауытының жұмысы қалпына келтірілді. Зауыт жұмысын қалпына келтіру барысында 100 жұмыс орыны сақталып қалды. Кәсіпорын батыс-еуропалық күнбағыс майын өндірушілерден кем түспейтін күнбағыс майын өндіру технологиясын және өнім сапасын бақылау жүйесін жолға салды. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай 2014 жылы ҚазАгроҚаржы бұрын берілген ақша қаражаттары бойынша берешектерін қайтару жұмыстарын белсенді түрде жалғастырды, осылай, 2014 жылдың 8 айы ішінде 1 млрд. 47 млн. теңге ақша қаражаты өндіріліп алынды. Қаржы институты 2004 жылы шамамен 1,5 млрд. теңгені ақша қаражатымен өндіріп алуды жоспарлап отыр, бұған жететін күн де алыс емес. Қоғам Павлодар қаласындағы сойыс цехының жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үстінде. Қазіргі уақытта сойыс цехының жабдығын сатып алу туралы инвестордың өтінішін қарастыруда. 2014 жылдың соңына дейін цехтың өндірістік іске қосылуы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, биыл Қоғам Алматы облысының Шілік қаласындағы тоған шаруашылығының қаржы-шаруашылық қызметін дағдарыстан шығару іс-шараларын жүзеге асыру үстінде. Кәсіпорын бағалы да кәсіптік балық тұқымдарын (бекіре, қызыл балық және т.б.) өсірумен айналысады. Белгіленген іс-шаралар 2014 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады. Тағы да, Қостанай облысындағы тауарлы-сүт фермасының үлкен проблемалық жобасы бар, бұл жоба бойынша өндірісті қалпына келтіру және оны жобалық қуатқа шығару жұмыстары жүріп жатыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізіп жатқанын қосымша айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда бұл жұмысқа жалпы сомасы 8,2 млрд. теңгеге 43 проблемалық жоба жұмылдырылған. Қазіргі ауыл тұрғындарын мемлекеттік қолдау бағдарламасы тек ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ғана емес, сондай-ақ, бүгінгі таңда бағдарламаға қатысу үшін құжаттар пакетін дайындаудың қорытынды кезеңін жүзеге асырып жатқан «Есіл-Агро» және «Өтес» агрофирмасы» сияқты ірі әрі кеңінен танымал кәсіпорындарға да айтарлықтай қаржылай көмек көрсетеді. P.S. Тұжырымы? Жақын арада КАФта проблемалық қарыздар мүлде қалмай ма? Олай болса – жақсы. Дегенмен, бұл - қара бастың қамы емес екенін тағы да қайталап кетейік. Бастысы, жоба, біреудің идеясы жер бетінде қалады, бір кезде оны несие комитеті мақұлдаған болса, демек, ол – іске жарамды болғаны! Виктор Буднин

Вернуться к списку
;