8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Элеватор мәселесі шешілуде

Элеватор мәселесі шешілуде 18.08.2014 Егін жинау науқаны болса таяп қалды, ал өсімдік шаруашылығымен айналысатын аграрийлердің әңгімесінде күйгелектік байқалады: жауын-шашын жайсыздық туғызуы мүмкін, өткен жылғыдай биылғы егіннің сапасы да, салмағы да жоқ. Дегенмен, егін түсімі болады! Ал мол өнім шығымымен бірге астықты өңдеу және оны сақтау мәселелері де қоса туындайды. Солтүстік Қазақстан облысындағы «Заградовское» ЖШС-нің директоры Иван Фисенко өзінің кәсіпорынын бұл проблемадан бірден құтқарып алды. Биылғы жылдың күзінде заградовтықтар ұзыннан-ұзаққа созылған кезектерде тұрмайтын болады, бос элеваторларды іздеп, КамАздарын 100 және 200 шақырым жерге айдамайды. Олар ... астықты өздері қабылдап алатын болады. Заградовкадан шыққан Иван Фисенко санауға, жоспарлауға және қарызға алған ақшаны пайдалануға шебер. Бұдан тура 10 жыл бұрын лизингке техника алу үшін, ол ҚазАгроҚаржыға бірінші рет келді. Қазір сол кезде алғаны комбайн ба, әлде егіс кешені ме, оны есіне әрең түсіреді, өйткені одан бері егін жинау немесе егін себу науқанында алдыңғы шепте жұмыс істеп келе жатқан қозғалмалы құрам шаруашылықта толығымен жаңарған. Комбайндар кәсіпорынның өз қаражатына сатылып алынған кездер де болған, бұл туралы басшы жай ғана өкінішпен еске алады: «Төлемді ұзақ уақытқа созып, ал қолдағы бар ақшаны жұмыс істеуге қалдыруға болғанда, 6 миллион ақшаны бірден төлеп тастаған, сірә, ақылсыздық болған шығар, алайда біз, ауыл адамдары сондаймыз – біреуге қарыз болғанды жақсы көрмейміз. Бұған бізге менталитет те кедергі», - деп сөзін аяқтады Фисенко күлімсіреп. Астық өндіру процесі шетелдік деңгейге жеткізілгеннен кейін, оны қайта өңдеу және сақтау бойынша тәуекелдіктер мен шығындарды төмендету жөнінде ойлайтын да кез келді. Бұл іске (кез келген басқа іс сияқты) Заградовтағылар іскер тапқырлықпен кірісті. Элеваторды тұрғызып, ол үшін әжептәуір ақша бере салу – бұл бір басқа, ал бизнес-жоспар мен құрылыс жобасы егжей-тегжейлі есептеліп, жұмыстың бір бөлігі өз күшіңмен атқарылғанда, бұл бір басқа – қарамағында 60-100 адам жұмыс істейтін кез келген ауыл шаруашылығы кәсіпорынының бұған шамасы келеді ғой. Фисенко дәл солай істеді. Іргетасын қалау және бетонмен жасалатын басқа да жұмыстарды өздері орындады. Ал «банкілер» мен жабдықтар монтажының ақысын мамандарға төледі. «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиесі есебінен. Әрине, күш те, уақыт та көп кетті, жүйкені де тоздырды, алайда нәтижесі әсерлі болды – кәсіпорын қуаты 10 мың тонналық өзінің меншікті астық қабылдау, кептіру және сақтау орнына ие болды. «Заградовское» шаруашылығының сыйымдылығы 10 мың тонналық қоймаларының бар екенін ескере келсек, ендігі жерде орташа егін шығымын сақтауға әбден шамасы бар. «Айырмашылығы бағасында, - лицензияланған АҚП-тың астығы мен біздің пункттағы астықтың арасындағы айырмашылық – 600 теңге – деп аграрий пайдасын есептеп шығарып та қойды. Бұл туралы біз тура мәлімдей аламыз: таяуда байқап көрдік те, өте қолайлы бағаға 1000 тоннасын саттық. Неге болмасқа – астық таза, құрғақ. Өзі әкетуге келісетін трейдерлер қазір толып жатыр. Міне, осы барлық маржа!». Мынау объект туралы құрғақ деректер. «Заградовское» ЖШС астық қоймасы жобасының құны 510 млн. теңге, оның 341 млн. теңгесі – ҚазАгроҚаржы жылдық 6% бөліп берген Ұлттық Қор қаражаты. Бұл қаражаттар жабдық сатып алуға және құрылыстық-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалған. Элеватордың келесідей техникалық параметрлері бар: астықтың автокөліктен қабылдануы екі ағыммен жүзеге асырылады, астық қоймасы қуаты сағатына 100 тонна астық тазарту желісімен жабдықталған. Ылғалдылығы 4 % дейін төмендегенде, қуаты сағатына 31 тонна астық кептіру желісімен жабдықталған. Астықтың автокөлікке тиелуі қуаты сағатына 200 тонна желімен жүзеге асырылады. Әрқайсысы 2 000 тоннадан сақтауға арналған 5 силосы бар. Соңында ҚазАгроҚаржы мұндай астық қоймаларының санын көбейту бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқанын айтылғанға қоса кеткен жөн. Жиналған егінді сақтауға арналған қазіргі заман астық қоймаларын тұрғызу және жаңарту Ұлттық Қор желісі бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басым қаржыландыру бағыты болып табылады. Инвестициялық жобалар іске асырыла бастағаннан бері, 2009 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен бірге барлығы жалпы сомасы 10 850 млн. теңгеге қуаты 275 000 тонна 18 жоба мақұлданды. Ағымдағы жылдың басынан бастап қуаты 24 000 тонна екі астық қоймасы іске қосылды. Жылдың соңына қарай жалпы сақтау сыйымдылығы 143 000 тонна тағы да 5 астық қоймасының іске қосылуы жоспарланып отыр. Мүмкін, барлық көкжиек жолдарының бойын, айналаның бәрін силостардың жалтыраған цилиндрлары әшекейлеп тұратын, ал егіннің көлемі, ылғалдылығы қандай болса да, фермер шындап қуанышқа бөленетін күн де алыс емес шығар. Виктор Буднин

Вернуться к списку
;