8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақмола облысында жаңа астық қоймасы іске қосылды

Ақмола облысында жаңа астық қоймасы іске қосылды 31.07.2014 Биылғы жылдың астық жинау науқаны қарсаңында Ақмола облысында қуаты 20 000 тонна (болашақта қуатты 30 000 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр) астықты құрайтын қазіргі заман талабына сай «Ақтық» астық қабылдау пункті ашылды. «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ астық қоймасын салу жобасының құны шамамен 713 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 529,5 млн.теңге - «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясымен жылдық 6% -бен бөлінген Ұлттық қордың қаражаты. Бұл қаражат жабдықты сатып алуға, құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге және темір жол бөгетін салуға бағытталды. Элеватор астықтың ірі партияларын дайындау мен сақтау, сонымен қатар ұзақ уақыт мерзімінде тұтыну қасиетін жоғалтпай сұрыпталған жағдайға жеткізу үшін арналған. Астық қоймасы астықты қабылдау, тасымалдау, тазалау, сүрлемдерде сақтау, т.ж. жүктеу және автокөліктік тасымалдауға арналған. Астық қабылдау пунктінің өндірістік қуаты «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ –ның жалпы астықты жинауына қарай есептелген (2012-2024 жж өндірістік бағдарламаға сәйкес жылдық жалпы жинау – 22,5 мың тонна астық). Осылайша, кәсіпорындар және олармен байланысты шаруашылықтар өз астығын кептіріп, сақтауға мүмкіндіктері бар. Астық қоймаларын салу мен модернизациялау «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Ұлттық Қор желісі бойынша қаржыландыруының маңызды бағыты болып табылады. 2009 жылғы инвестициялық жобаларды іске қосқаннан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ –мен біріге отырып, жалпы сақтау қуаты 275 000 тонна, жалпы сомасы 10 850 млн. теңге құрайтын 18 астық қоймасы ашылды.

Вернуться к списку
;