8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанның батысында қозы етін өндіретін бірегей зауттың құрылысы жалғасуда

 Қазақстанның батысында қозы етін өндіретін бірегей зауттың құрылысы жалғасуда 05.07.2014 Батыс Қазақстан облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруымен Қазақстандағы тұңғыш тәуілігіне 1400 ҰҚМ басын қамтитын қозы еті мен вакуумдық орамдағы ірі ет кесінділерін өндіретін «Батыс Марка Ламб» ЖШС ет өңдеу комплексінің құрылысы жалғасып жатыр. Зауыт халықаралық сапа стандарттарына сай келетін экспорттауға арналған вакуумдық орамдағы қозы етін өндіреді деп жоспарлануда. Қазақстандағы тұңғыш қозы етін өңдейтін зауытының құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Жобаның жалпы құны 2,7 млрд. теңгені құрайды. Объектіні іске қосуды ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда «Батыс Марка Ламб» экспорттауға бейімделген кәсіпорны ҰҚМ өсірумен айналысатын бір қатар кәсіпорындармен қызметтестік туралы шарттар жасасты. Олар зауытқа шикізатты жеткізеді деп жоспарлануда. Бұл аймақтық шаруа қожалықтарының дамуына елеулі себебін тигізіп, олардың өнімдерінің өтімділігін арттырады. Зауыт қазақстандық кәсіпорындардан басқа, шетел жеткізушілерімен де жұмыс жасайтын болады. Мәселен, «Племенной завод «Кировский» ААҚ, (Калмыкия Республикасы, РФ). Ет өңдеу зауытының ашылуы 283 жаңа жұмыс орнының пайда болуына мүмкіндік береді. Дайын өнімнің өтімділігіне байланысты, сарапшылардың бағалауы бойынша, қазақстандық нарықта өнімнің бұл категориясына сұраныстың жоғары екені анықталды. Италия және Германия мемлекеттері нарығындағы ірі трейдерлермен шарт жасасу жұмыстары атқарылып жатыр, сонымен қатар қозы етін, халал стандарттары талап етілетін таяу шығыс еледріне (Иран, БАӘ, Сауд Аравиясы) жеткізу шарттары жасалуда.

Вернуться к списку
;