8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақмола облысында жаңа құрама жем зауыты ашылмақ.

Ақмола облысында жаңа құрама жем зауыты ашылмақ. 25.06.2014 Ақмола облысында қуаты сағатына 15 тонналық қазіргі заман AGRAVIS Raiffeisen AG құрама жем зауыты өндіріске іске қосылатын болады. Жаңа жоғары технологиялы өндіріс неміс инвестицияларының есебінен және Қазақстанның АӨК-гі инвестициялық жобаларды және жемшөп өндірісін дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруының арқасында тұрғызылған. Зауыттың жобасы малды тамақтандырудағы концерннің көпжылдық тәжірибесі ескеріле отырып, AGRAVIS технологиясы бойынша жасалған, жетекші швейцар өндірушісі Bühler желісімен жабдықталған, оның монтажын «Bosche Systembau GMBH» фирмасы жүзеге асырған. Зауыттың тұрғызылу мақсаты – AGRAVIS концернінің инновациялық технологияларын қолданып, ҚР аумағында сапасы жоғары толық рационды құрама жем өндіру. GMP, HACCP, QS біріктірілген еуропалық сапа жүйелері, тамақтандыру бағдарламаларын жасау, рецептурасын оңтайландыру, зертхана – осының бәрі де қазіргі заман, жоғары технологиялы және табысты өндірістің маңызды аспектілері болып табылады. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. теңгеден артық, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаты 634 млн. теңгеге жуық. Қаржыландыру талаптары – жылдық 6%. «Жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде құрама жем зауытына электр қуаты мен автомобиль жолы сияқты барлық қажетті коммуникациялар жүргізілген. «Agrо-Trading 2007» ЖШС құрама жем зауыты қазіргі заман технологияларының арқасында құрама жемдерге жануарлардың әрбір түрі – ірі қара малға, ұсақ қара малға, шошқалар мен құстарға арналған дәрумендерді, микро және макро элементтерін барынша көп мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді. Жемшөп өндірісінде бидай, арпа, күнбағыс күнжарасы, кебектер мен AGRAVIS қоспалары (арнаулы ақуызды-дәрумендік қоспалар) басым қолданылатын болады. Жалпы, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ компаниялар тобы бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде жалпы сомасы 263,8 млрд. теңгеге 417 жобаны іске асырады. Оның ішінде 310 жобасы осы уақытқа қарай іске қосылған. Өндіріске жіберілген жобалардың 160 объектісі толық жобалық қуатына шықты. Бұл ретте 11 мыңнан астам жұмыс орыны ашылады. Холдингтің инвестициялық жобаларды іске асырудағы негізгі қаржы операторы «ҚазАгроҚаржы» АҚ болып табылады. Құрама жемдер – жануар рационының маңызды бөлігі болып табылады, өйткені негізгі жемшөптерде (шөпте, сүрлемде, пішендемеде) қоректі заттар жетіспейді, дәлдеп айтқанда, үйлестірілген рацион сауым немесе салмақ өсімі бойынша жоғары көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, үлкен спорттағыдай, ауыл шаруашылығында да дұрыс тамақтану табыстың негізін қалайды. Құрама жемдердің құрамындағы қоректік заттардың сіңімділік деңгейі жоғары болады. Ақырында, бұл тұтынатын тамақ көлемін төмендетеді, ал фермердің қаражат үнемдеуіне мүмкіндік береді деген сөз. Бұдан әрі мүдделі БАҚ үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның баспасөз қызметі құрама жем зауытына баспасөз турын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Вернуться к списку
;