8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанның бірінші Агроинвестфорумы қазақстандық агробизнес үшін жаңа мүмкіншіліктер ашты.

Қазақстанның бірінші Агроинвестфорумы қазақстандық агробизнес үшін жаңа мүмкіншіліктер ашты. 20.06.2014 Астана қаласында 17-18 маусымда өткен Қазақстанның бірінші Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы шеңберінде ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар, келісімдер мен шарттар бекітілді. Жаңа жобалардың бір бөлігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ құралдары арқылы іске асырылатын болады. Мысалға, Қазақстанда 70 пайызға дейін жүгері өндіретін «Будан» элиталы тұқым шаруашылығы кәсіпорыны мен суландыру жүйелерін өндіретін жетекші компания «Irrifrance» арасында ынтымақтастық туралы меморандумқа қол қойылды. «Компания өкілдері біздің егіс алқаптарымызда болып, бізде қазіргі заман суландыру технологияларын қолдануға болатындығын құптады. Біз үшін бұл өте маңызды. Алайда бұл қамбатқа түсетін жоба болғандықтан, жабдықты «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясынан лизинг арқылы алуға үміттенеміз – деп өз ойымен бөлісті «Будан» ӘКК басқарма төрағасы Еркен Шәкеев. Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне техниканы лизингке беру – бұл «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының инвестициялық қызмет бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстанда негізгі инвестициялық жобаларды іске асырады, олар – өнеркәсіптік құс фабрикаларын, ірі жылыжайларды тұрғызу және жаңғырту, асыл тұқымды репродукторларды, көкөніс қоймаларын, астық қоймаларын, тауарлы-сүт фермаларын және т.б. тұрғызу. Атап айтсақ, 14 инвестициялық бағыттың шеңберінде 2009 жылдан бері 299 ірі инвестжоба қаржыландырылып, іске қосылған. Өткен жылдың өзінде-ақ 63 жоба іске қосылды, ағымдағы жылы ауылдық жерлерде кемінде 65 жаңа жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр. Компания инвестициялық бағыттардың санын ұлғайтумен талмай жұмыс істейді және бұл тізімге тағы да шошқа шаруашылығын, балық шаруашылығын, жылқы шаруашылығын және асыл тұқымды қой шаруашылығын енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бүгінгі таңда компания инвестициялық жобаларды аймақтандыру бағдарламасын әзірлеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жұмыс атқаруда. «Біз бүгінгі таңда қолымыздағы бар тәжірибені ескере отырып, жылыжай бағытын қайда дамытқан дұрыс, кластерлік тауарлы-сүт фермаларын қайда және құс шаруашылығын қайда дамыту керек екендігін анық түсінуіміз керек. Әрине, бұл жерде аймақтардағы климаттық айырмашылық та, соған сәйкес, жемшөп базасы да ескерілетін болады» - деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Ғұмар Рахимжанов. Бұл жаңалықтар компанияның мүмкіншіліктерін едәуір ұлғайтатын болады, сондықтан Форум қатысушылары оның атқаратын қызметіне үлкен қызығушылықтарын танытты. Олар «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығына өз сауалдарын қойып, онымен «көзбе-көз» тілдесу форматында кездесті. Форум отандық тауар өндірушілері мен инвесторлардың арасындағы халықаралық байланыстарды дамытуға, ауыл шаруашылығы саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға жаңа түрткі берді.

Вернуться к списку
;