8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Моноқалалар – «ҚазАгроҚаржы» АҚ назарында

Моноқалалар – «ҚазАгроҚаржы» АҚ назарында 19.06.2014 «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясы «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында (2012 жылғы 25 мамыр) көрсетілген аймақтардағы кәсіпкерлермен, фермерлермен және агробизнеспен айналысқысы келгендердің бәрімен іскерлік кездесулер өткізе бастады. Жуырда компания басшылығы Қарағанды облысындағы филиалдың мамандарымен бірлесе отырып, Жезқазған және Қазақстанның моноқалаларының бірі Сәтбаев қаласының кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуге кәсіпкерлер, сондай-ақ әкімшілік өкілдері мен мекемелердің басшылары қатысты. «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандары несиелендіру және лизинг талаптарын, оларды алу жолдарын түсіндіріп, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкерлер олар үшін мұндай пайдалы кездесулер бірінші рет өтіп отырғанын атап өтті, сондай-ақ компаниямен тығыз ынтымақтастықты болашақта да жалғастыру жөніндегі ниеттерін білдірді. Сонымен қатар, олар осындай облыс орталығынан қашық орналасқан ауданға бөлек өкілді бөліп беруді сұрады, өйткені бұрын «ҚазАгроҚаржы» АҚ атқаратын жұмысы жөнінде ақпарат алу үшін немесе лизингке техника алу үшін олар жүздеген шақырым жол жүретін. Осындай кездесулер тағы да Балқаш қаласында және Қарағанды облысының Жаңарқа, Ұлытау, Ақтоғай және Шет аудандарында да өткізілді.

Вернуться к списку
;